Еуропа елдері Стамбул мэрінің тұтқындалуын айыптады

Германия Сыртқы істер министрі Экрем Имамоғлуның тұтқындалуын «Түркиядағы демократияға ауыр соққы» деп атады. Париж бен Афина Стамбул мэрін қолдады. Стамбұлда мыңдаған адам шеруге шықты.
Германия үкіметі белгілі саясаткер және Стамбул мэрі Экрем Имамоғлу мен басқа да көптеген түрік оппозиция өкілдерінің Түркияда тұтқындалуын қатаң айыптады. Германия Сыртқы істер министрі Анналена Баербок мұны «Түркиядағы демократияға ауыр соққы» деп бағалады.
«Біз оппозициялық саясаткерлерге арналған кеңістіктің тарылып жатқанын анық көріп отырмыз», - деді ол.
Бербок сайланған өкілдердің құқықтарын құрметтеу «құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің орталық шарты» екенін атап өтті.
Германия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Экрем Имамоғлуның қамауға алынуын саясаткерге қарсы күшейген заңдық қысымдардың бірі деп атап, Анкараның Еуропалық Одақ мүшелігіне үміткер екенін және Еуропа Кеңесінің мүшесі ретінде демократия мен заң үстемдігінің негізгі принциптерін ұстануды жақтайтынын еске салды.
Еуроодақ Анкараны құқықтық нормаларды сақтауға шақырды
Сстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуның тұтқындалуы және жыл басынан бері шенеуніктерге, белсенділерге, азаматтық қоғам мен бизнес өкілдеріне және журналистерге қарсы жүргізілген қысым Түркияның бұрыннан келе жатқан демократиялық дәстүрлеріне адалдығына қатысты сұрақтар туғызады, деді Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас.
Брюссель Түркия үкіметін толық ашықтықты қамтамасыз етуге және барлық заңды процедураларды орындауға шақырды. Мәлімдемеде Еуропалық Одаққа үміткер ел және Еуропа Кеңесінің ұзақ мерзімді мүшесі ретінде Түркия ең жоғары демократиялық стандарттарды сақтауға міндетті» делінген.