Еуропа Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруге дайын

Еуроодақ елдері Ресей-Украина соғысына байланысты өздерінің басты одақтасы АҚШ-пен келісімге келді.
Франция президенті Эммануэль Макрон: «Еуропа Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруге дайын».
«Париж мен Лондон Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру жоспарын дайындады, оның ішінде әскер жіберу мүмкіндігі бар», - деді Макрон.
Еуропалық әскерлерді бітімгершілік ретінде пайдалану перспективалары туралы айта келе, Макрон әскерлер «алдыңғы шепте болмайтынын, бірақ кепілдік ретінде Украинада болатынын» айтты.
Бұл туралы Франция президенті Вашингтонда Дональд Трамппен кездескеннен кейін журналистерге айтты.
Макрон сонымен қатар Ресейдің тыйым салынған активтерін тәркілеу мүмкін емес, өйткені бұл халықаралық құқықты бұзады деп атап өтті.
Ақ үй иесіне келсек, ол да бірқатар мәлімдемелер жасады.
Трамп журналистерге Владимир Путин ықтимал бітімгершілік келісімінің бөлігі ретінде еуропалық бітімгерлерді Украинаға жіберуге рұқсат беретінін және соғыс «бір апта ішінде аяқталуы мүмкін» деп мәлімдеді.