Еуропада коронавирустың жаңа түрі Эрис тарала бастады. Оның жалпы белгілері қандай?
Ұлыбританияда коронавирустың жаңа нұсқасы – «эристі» жұқтырғандар саны артып келеді.
Бұл EG.5.1 деп те аталады,«омикронның» тағы бір нұсқасы. «Эрис» алғаш рет Ұлыбританияда 31 шілдеде тіркелген және қазір елдегі 10 жағдайдың 1-ін құрайды.
Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігінің мәліметі бойынша, бұл Ұлыбританияда Arcturus-тен кейінгі ең көп таралған екінші нұсқа, бұл барлық COVID-19 жағдайларының жартысына жуығын құрайды. Еxpress-тің хабарлауынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл штаммды бақылау тізіміне қосты.
«Эристің» жалпы белгілері
Әзірге коронавирустың жаңа нұсқасы туралы көп ақпарат болмаса да, сарапшылар оның «омикронмен» генетикалық ұқсастығы туралы айтады.
Фармацевт Дункан Рид жаңа вирустың 5 симптомын атады:
— мұрынның ағуы;
— бас ауруы;
— шаршау;
— түшкіру
— тамақ ауруы.
Зерттеулер көрсеткендей, COVID-19 негізгі белгілері — ентігу, иістің жоғалуы және қалтырау. Сонымен қатар, сарапшыларда «эрис» «омикроннан» дақауіпті болуы мүмкін деген ешқандай дәлел жоқ. Дункан Ридтің айтуынша, COVID-19-бен ауыратын науқастардың көпшілігінде жеңіл белгілер бар және әдетте бірнеше апта ішінде қалпына келеді.
Сонымен қатар, кейбіреулер Ұлыбритания әлі де жаңа ковид толқынының алдында тұр деп санайды, дегенмен оқушылардың жазғы демалысы мен демалыс маусымы оның таралу жылдамдығын бәсеңдетуі мүмкін.