Ф.Голощекин: Убрать 10, чтобы замолчали 100

1929-1931жылдардағы халық көтерілістеріне – 90жыл
Ой қорытудағы өзгерістер
«1929-1931 жылдарыҚазақ елінде советтік билікке қарсы 372 халық көтерілісі орын алып, оларға 80мыңнан астам адам қатынасты» деген ресми мәлімет бар.
Бұл, әрине, толық мәліметемес. Көтерілістер елдің түрлі аймақтарында бытыраңқы түрде басталып, қарусызхалық жойқын әскер күшіне ұзақ қарсылық көрсете алмастан аяусыз басылды.
Дегенмен мұндай қару асынған кәсіби әскер күшіне ең соңында 25мыңдық ең мықты деген аңшы мылтығымен қарсы тұру (Қарақұмда) бұл, әрине,билікке халық наразылығының соншалықты үлкендігінен хабар берсе керек. Тарихитұрғыдан алғанда, 1929-1931 жж. көтерілістер халық тарапынан империялықкүштерге ашық қарсы тұрудың көрінісі болса, ресейлік билік тарапынан қазақжерін кезекті рет жаулап алудың нақты өзі болды.
Осы жылдардағы көтерілістер мен халық наразылықтарынақатынасқаны үшін тек сол кездегі саяси полиция (ОГПУ) органдарының шешімімен 5551адам сотталып, олардың 883-і атылды. Көтерілістерді қарулы күштер арқылы басубарысында мыңдаған адам оққа ұшты. Олардың есебін алған ешкім болған жоқ.Көтеріліс соңы қоғамдағы жаппай аштыққа ұласты. 1 млн 130 мың адам босқынретінде жақын және алыс елдерге жан сақтау үшін үдере көшті. Осы аталғанфактілік материалдар биліктің өз халқымен соғыс жағдайында тұрғандығын көрсетсекерек.
Тәуелсіздік жылдары халық көтерілістерін түсіндіру ісінде,әрине, түбегейлі бетбұрыстар жүрді. Зерттеу ісіне жаңа көзқарастағы адамдаркелді. Жаңа фактілер мен талдаулар ғылыми айналымға түсті. Соңғы онжылдықтардабұл мәселені түсіндіру ісінде советтік кезеңде орныққан көзқарас жалғыз «тура»ұстаным болудан қалды. Мәселен, советтік тарихнама Қазақстанның барлықөңірлерін қамтыған халық наразылығын большевиктер өкіметінің жүргізген «ең озық өзгерістеріне» қазақ байлары менимам-ишандарының ұйымдастыруымен болған шаруалар қарсылығы ретінде түсіндірсе,жаңа методологиялық ұстанымдағы зерттеушілер аталған көтерілістерді Советөкіметінің халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру салтын күйретіп, жекеотбасылар көтере алмайтын қисынсыз салықтар жүйесінің енгізілуіне, соғанбайланысты төніп келе жатқан қоғамдық апатты болдырмау үшін қарапайым халықтыңлажсыздан бас көтеруі ретінде қарастыруы кең өріс алды.
Мұндай көзқарастың өмірге келуі, әрине, біріншіден,мемлекеттілік дербестіктің орнығуы, соған байланысты ғылымдағы идеологиялықдиктаттың жойылуына байланысты болса, екіншіден, ұлттық дербестік халыққаадамгершілігін, ұлттық сезімін, абырой мен ар-намысын сақтаудың мектебі болғаныныңкөрінісі еді.
Дерек: халық не дейді?
1929-1931 жж. халық көтерілістерінзерттеуге байланысты жинақталған тәжірибе нені көрсетті және одан алатын сабаққандай болмақ? Біз, тарихшылар, ХVІІІ ғасырданбергі, әсіресе ХХ ғасырдағы тарихымызды зерттеу және түсіндіру ісіндежалпыимпериялық тарихи-мәдени контексті,өзара қатынасқа байланыста ресейлікбиліктегі ұстанымды есепке алуды әдеткеайналдырғанбыз. Еліміздегі қоғамдық процестерді басқару мен бағыттаудыңтетіктері метропологиялық орталықта болғандықтан, ресейлік контексті естеұстау, әрине, маңызды. Сонымен бірге мұндай ұстаным ұлт өміріндегі процестердітүсіндіруде империялық көзқарас пен ойлау дәстүрін басшылыққа алуды білдірмесекерек. Қазақ қоғамы – ол ресейлік қоғам емес, ол тарихи өсу мен өзгеру барысында қалыптасқанөзіне тән ерекшеліктері бар дербес қоғам. Қазақ тарихын тура түсінуге мүмкіндікберетін методология оның осы ерекшеліктерінен, табиғи болмысынан бастау алғандағана өз міндетін тура орындай алмақ.
Осы жағдайдан келесі мәселе туындайды. Кезінде патшалықкезеңдегі ресейлік тарихнама Ресейді қазақ жеріне өркениет әкелуші билікретінде көрсетті. Бұл тұжырымнан советтік тарихнама да ұзап кете қоймады. Алшын мәнінде қазақ жерінде, Орта Азияда Ресей бай да терең тарихи тамыры бармәдениетпен бетпе-бет келген еді. Иә, ол мәдениеттің Ресей мұнда келген сәттебіршама тоқырауға ұшырап, әлсірегенін жоққа шығарудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайбарлық өркениет ошақтарында кездеседі.
Ал ХІХ-ХХ ғасырлардағыосы өңірдегі қарулы қақтығыстар жоғарғы өркениет пен тағылықтық арасындағықарсыласу емес-тін, тойымсыз отарлаушы мен табиғи мүддесін қорғауға шыққанотарланушы арасындағы қарсыласу болатын. 1929-1931 жж. халық көтерілістері осы қарсыласудың кезекті көрінісі, яғнижалғасы ретінде қарастырылуы негізді болмақ.
Қорыта айтқанда, 1929-1931 жж. халық көтерілістері туралы советтіктарихнаманың тілімен сөйлейтін уақыт өтті. Бүгінгі таңда бұл тақырыпқа қатыстыбіздің өз көзқарасымыз, түсінігіміз бар.
Көтерілістіңауқымы туралы
1868 жылы патшалық биліктің түрлі қиянатына Түркістанхалқы 1916 жылғы көтеріліспен жауап берді. Яғни 16-шы жылғы көтерілістер Ресей билігінің ортаазиялық халықтардыбасқару тәртібінің, әсіресе жер және салық саясатының терең дағдарысқа келіптірелгенінің көрінісі болды. Көтеріліс жалпытүркістандық және антиколониалдықсипат алды.
Дегенмен патшалық билік орындары көтерілістің шығу себебінРесейдің шетелдік жауларының, анығырақ айтқанда неміс және түрік, тарапынан жүргізілгенүгіт жұмысымен байланыстырды. Мұндай шетелдік араласу орын алған күнде ресейлікмемлекеттік органдар немесе зерттеушілер ол фактілерді келтірген болар еді.Ондай фактілер әзірге жоқ.
Тұрар Рысқұлұлы 16-шы жылғы көтерілістің 10 жылдығына байланыстыжариялаған еңбегінде жергілікті халықтардан соғыс қажетіне жұмысшылар алутуралы патша жарлығын көтерілістің шығуына түрткі салған оқиға ретіндеқарастырып, ал көтерілістің негізгі себебі «патшалықтың Түркістанды 50 жыл бойы тоқтаусызотарлық қанауға алуы болды» деп көрсетті. «Түркістан Ресей үшін берекелі қанауобъектіне, өнімдерін өткізетін базарға және арзан шикізат көзіне, сондай-ақеркін үлестіріп, иемдене беруге болатын мол жер қоры бар өлке еді», – депжазды.
Қырғыз елінің көрнекті мемлекет қайраткері Ж.Әбдірахманов (1927-1933жж. қырғыз үкіметін басқарған – авт.) көтерілістің антиколониалдық сипаталғанына баса көңіл аударып, «Көтерілістің қозғаушы күші тек жергілікті халықболды, өз ретінде ол Түркістандағы орыс шаруаларының ғана емес, тіптен азғанаорыс жұмысшыларының да қолдауын ала алған жоқ. Ондай қолдау орыс мұжығыныңтарапынан болмайтын да еді, өйткені патшалықтың жүргізіп отырған отарлаусаясаты жағдайында оның мүддесі жергілікті халықтың мүддесімен мүлдемүйлеспейтін еді», – деп жазды.
Советтік тарихнама 16-шы жылғы көтерілістің патшалық режимгеқарсы бағытталғанын еріксіз мойындай отырып, дегенмен оған басым түрдеәлеуметтік-таптық, феодалдық-клерикалдық және антиорыстық сипат беруге ыңғайтанытты.
Советтік тарихнама 1929-1931 жж. көтерілістерге байланыстыда осы мазмұндағы тұжырымға жақын ұстаным танытты.
Әрине, Орта Азия республикалары тарихында орын алған бұлкөтерілістердің шығу себептері мен барысында түрлі өзгешеліктердің болуы әбденмүмкін, сонымен бірге олардың өте ұқсас белгілері болғандығы және ортақмазмұнда жүргені де табиғи нәрсе еді. Өйткені қарсылық актілері әртүрлі өңірдеөткенімен, өзара жақын және байланыстағы елдерде жүрген әлеуметтік-саяси жәнеэкономикалық процестердің сценарийі метрополиялық орталықта даярланып, барысыда бір орталықтан басқарылғаны мәлім. Тарихи еңбектерде Қазақстанда 1929-1931жж. советтік билік пен партиялық активке қарсы 460 террорлық акті колхоз бенсовхоз мүліктерін өртеу, мал басын улау актілері 127, ал жаппай баскөтерулердің ұзын саны 372 деген мәліметтерді кездестіруге болады. Бұл сандықфактілердің ОГПУ органдарының көрсетуі бойынша даярланғанын ескерсек,көрсетілген сандық фактілердің дәлдігіне күмәндануға негіз жоқ емес.
Өйткені бұл мезгілді советтік билікке «төнген»қауіпті асыра, әсерлеп көрсету бұл мекемеге тән мінез болатын. Басқашаайтқанда, әдебиетте кең өріс алған «перегиб» (асыра сілтеу) деген сипаттамаалдымен осы мекеменің қызметіне тән көрініс еді.
Өкіметтіңсаяси және әлеуметтік-экономикалық шараларына қарсылық көрші ортаазиялық елдердеқандай көрініс тапты, енді соған тоқталайық.
ОГПУ-дыңТашкенттегі өкілі Каруцкий Мәскеудегі басшылары Евдокимов пен Запорожцқа 1930 жылы30 мамырда өңірдегі жағдайға байланысты мынадай мәлімет береді: «Аса құпия. 24 мамыр,рет саны – 4645, қаңтар-сәуірді қоса алғанда, жаппай бас көтерулердің жалпысаны – 263, оған қатысқандар – 82 582. Кезеңдерге бөлгенде республикаларбойынша: ақпанда – 34 бас көтеру, оған қатысқандар – 13 900, оның ішінде Өзбекстандағы бас көтерулер – 28, оғанқатысқандар – 13 010, Түрікменстанда – 3, оған қатысқандар – 370. Қырғызстанда –3, оған қатысқандар – 520.
Наурыздағы баскөтерулер – 179, оған қатысқандар – 63 122, олардың ішінде Өзбекстандағы бас көтерулер– 152, оған қатысқандар – 52 352. Түрікменстанда – 8, оған қатысқандар – 2670. Тәжікстанда– 8, оған қатысқандар – 3000. Қырғызстанда – 10, оған қатысқандар – 5000.
Сәуірдегі баскөтерулер – 50, оған қатысқандар – 6550,олардың ішінде Өзбекстандағы бас көтерулер – 41, оған қатысқандар – 4200.Түркістанда – 3, оған қатысқандар – 500. Қырғызстанда – 7, оған қатысқандар –1850. 25 сәуірдегі №3895, 28 сәуірдегі №3976 хабарымызда топ түрінде, жекежасалған террор туралы айтылды. Бұларға қосымша, топ жасаған террор текҚырғызстанда орын алды: бес совет қызметкері өлтірілді, екі қызыл әскер жарақаталды, үш ауыл активі соққыға жығылды. Осы есеп беріп отырған мезгілде тоғызантисоветтік листовкалар алынды. Олардың бесеуі Ташкент қаласынан, біреуіАшхабадтан, үшеуі Қырғызстандағы Қарақол кантонынан. Листовкалардың мазмұныСовет өкіметі мен Компартияға және жүргізіліп отырған шараларға, әсіресе колхозқұрылысына қарсылықты білдіреді». ОГПУ органдары 1931 жылы Орта Азия бойынша 22584 адам антисоветтік элемент ретінде жойылғанын, осы жылдың біріншідекадасында ғана 1324 адамның репрессияланғаны туралы мәлімет берген. Ал 1930-1933жж. Қырғызстанда 17 674 адам репрессияға алынған.
Орта Азияреспубликаларында осы мезгілде, әсіресе колхоз құрылысына қарсылық ерекшебайқалды. Осы ретте, мәселен, БК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының хатшысы Зеленскийколхоз құрылысына байланысты мынадай мазмұндағы мәлімет алады: «Бұдан бұрынғы хабарларымдаайтылғандай, асыра сілтеушіліктер өз дегенін істеді. Дауыс беру құқынан айырылған(лишенцы) байлар, молдалар, басмашылар, имамдар мен осы қатардағы сволочьтар, міне,төртінші күн аудандағы тобырды өздеріне қаратып алды. Жалал-Абад қаласындағыжағдай өте шиеленісіп тұр. Міне, төртінші күн жоғарыда аталған элементтердіңбасқаруымен бізге жаулық ұстанымдағы шерулер толастамай, оған бірнеше жүз салтаттылар және 2000-ға жуық әр түкпірден жиналған жаяулар қатынасып, кедей-батырақбелсенділер мен егін себу науқанына байланысты қышлақтарға жіберілген өкілдердіқоса сабап, аудан басшылығына мынадай мазмұндағы талаптар қоюда: ескісі бар,жаңасы бар – барлық колхоздар таратылсын, контракцияға байланысты жасалынған келісімшарттаржойылсын, батырақ-кедей белсенділердің жоғарғы бөлігі көпшіліктің сотынаберілсін, түрмеде басмашы және контрреволюционер ретінде отырғандар босатылсын.Жергілікті өкімет абдырап бостық жасауда, соған байланысты шерулер тоқтар емес».
Шеруге шыққандар«Совет билігі жойылсын!», «Колхоздаржойылсын!», «Мақта және егін бағдарламасы жойылсын!» сияқты ұрандар көтерген.
«Убрать 10, чтобы замолчали 100»
Совет өкіметініңұжымдастыру, әсіресе салық саясатына қарсы көтерілістер 1929 жылдыңқыркүйегінде Тақтакөпір ауданында (Қарақалпақстан) және Бостандық ауданында(Сырдария округі), қарашасында Батпаққара ауданында (Қостанай округі) орыналды. Көтеріліске шыққандар «Советөкіметі жойылсын!», «Тапқа бөлушілік тоқталсын!», «Колхоз құрылысына қарсымыз!»сияқты саяси талаптар қойды. Көтерілістер барысында бұрынғы хандық биліктіжандандыру, ұлттық әскер құру әрекеті байқалды. Көтерілістер советтікмекемелерді өртеп, партия және совет қызметкерлерін өлтірді. Халық салықтөлеуден бас тартты.
Міне,осындай жағдайда Мәскеудегі орталық билік Орта Азия республикаларындағыжергілікті жағдайды түсіну үшін партияның орталық комитетінің қызметкеріГричманов басқарған комиссия шығарады. Өңірге 1929 жылдың соңына қарай келгенкомиссия көтерілістерге байланысты жергілікті жағдаймен танысқан соң, 1930жылдың 2 қаңтарында Алматыда Қазақ өлкелік партия комитеті бюросының жабықотырысын өткізіп, отырыста Қазақстан өмірінде орын алған, жоғарыда аталғанкөтерілістердің себеп-салдары талдауға алынады. Бұл жабық отырыста 1929-1931 жылдарыболған көтерілістердің ең алғашқыларына (1929 ж. қыркүйек, қараша айларындағы)биліктегі партияның бағасы берілген. Бюро отырысының стенограммасы сақталған.
Партияның орталық комитеті (Мәскеу) шығарған осы комиссиясымен Қазақ өлкелік партиякомитетінің бюро мүшелерінің Тақтакөпір, Бостандық және Батпаққаракөтерілістеріне байланысты берген бағасы кейінгі, яғни 1930-31 жылдардағыкөтерілістерге байланысты принциптік өзгерістерге ұшыраған жоқ. Сондықтан даосы мәжілісте сөйлеген мәскеулік комиссия мүшелері мен республика басшыларыныңпікіріне тоқталған жөн.
Осыдан 90 жыл бұрынғы құжаттық материалдарда айтылғанпікірді бүгін ғылыми айналымға тартудың мынадай екі ерекшелігі бар. Бұлқұжаттағы фактілік материалдарды айналымға қоса отырып, сол тарихи кезеңдегіконтексті жоғалтып алу қаупі бар. Бұл – бір. Екіншіден, «уақыт – сыншы» дегенсөз бар. Кез келген тарихи факті уақыт тезінен өтіп барып өзінің шынайымазмұнына ие болмақ. Мұндай жағдай да бар. Біз баяндауымызда, әрине, тарихифактілердің осы аталған екі қырын да мүмкін болғанша ескеруге тырысамыз.
Сонымен, оқиға неден басталды? 1929 жылы 6 қарашадаҚарақалпақ облыстық партия комитетінің басшысы П.Варламов Қазақ өлкелік партиякомитетінің жауапты хатшысы Ф.Голощекинге Тақтакөпір оқиғасына байланысты есепбереді.
Көтеріліс шыққан ортаға жақын тұрған облыстық басшылық арағабір ай он күн салып, Тақтакөпірде болған оқиғаға қандай баға берді? П.Варламовқол қойған құжаттан бірден көзге ұратын нәрсе – қоғамды «біз» және «оларға» бөлген саяси жағдайдыңкөрінісі. Яғни, біріншіден, құжаттан Совет өкіметінің орнағанына 12-13 жылуақыт өткеніне қарамастан, саяси билік пен қарапайым халықтың арасында өзаратүсіністіктің жоқтығы байқалады. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты, екіншіден,жергілікті өкіметтің өзін жау ортасында қоршауда қалғандай сезінетіні еді.
П.Варламовтың, яғни облыстағы партия ұйымының басшысы қолқойған құжат қарапайым халықпен жұмыс жүргізетін саяси ұйымда даярланғанмәлімет емес, ОГПУ-дың, яғни құпия полицейлік мекеменің есебіндей оқылатынынайтқан артық емес. Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы есебін мынадайсөйлеммен бастайды: «Пересылаю все наши материалы, связанные с вопросамираскрытия контрреволюционной организации, борьбы с басмачеством и пособничеством.Из них Вы увидите и наши мероприятия, и оценку Такта-Купырских событии, и оценку нашей работы, и положениеКаракалпакии».
Қарақалпақ елін басқарып отырған П.Варламовтың есебіндегіосы бастапқы мәліметтерді Қарақалпақстанның іргесіндегі Ош облысындағы(Қырғызстан) жағдайға байланысты осы елдің үкіметінің төрағасыЖ.Әбдірахмановтың күнделігінде баяндалған мынадай мазмұндағы мәліметпен бірсәтке болса да салыстыра қарайық. Ж.Әбдірахмановтың күнделіктегі жазбалары 1931жылдың 8 және 13 қаңтар күндеріне тән. Үкімет басшысы Өзген ауданындақалыптасқан жағдайға байланысты: «Өзгеннің басмашылардың жаңа ошағына айналуыәбден мүмкін. Өзгеннің ерекшелігі бізден бұл өңірге үлкен көңіл бөлуді талапетеді. Бұл ауданды шаруашылық және мәдени тұрғыдан, қажет мамандармен қамтамасызету тұрғысынан не істелді? Ештеңе де істелген жоқ. Жалаңаяқ оқушылар,қайыршылық жағдайдағы диқандар. Жұмыссыз жүргендер ұлттық азшылықтағылардыңшешімін таппаған мәселелері – советтік шаруашылықтық және кооперативтікмекемелерде отырған қатыгез шенеуніктердің жасап отырған қиянаттары. Мақтасалығын өтеу үшін сөгілген көрпелер мен жастықтар ж.б.с.с. Міне, осының бәрі советтікбилікке қарсы үгітке жем болатын материалдар. Жағдай өте ауыр, ал бірақ осыауыр жағдайды түсінуге ықылас танытқан жан жоқ. Бүгінгі біздің осыақымақтығымыз үшін ертең біреулер өз өмірін төлемге салатын болады».
Ал Ж.Әбдірахманов П.Варламов айтқан басмашылар туралы недейді: «Күтпеген жерден Жалал-Абадтың базарында, бірнеше шайханаларда болдым.Қарасуда да осыны қайталадым. Шайханада қызыл әскер киімімен отырған халықкомиссарлар кеңесінің төрағасы екенін ешкім де сезген жоқ, ашылып әңгіме айтысыпотырысты. Мақта туралы, салық жинаушылар, олардың тінту жұмыстары туралы.Наразылық тым үлкен. Олардың әңгімесіне қарап басмашылар қозғалысының қайтажандануы әбден мүмкін екеніне көзіңіз жете түседі. Ал осы басмашылар кімдер?Мен білмеймін. Мүмкін, олар біз құлақтарға және ауқаттыларға жатқызып, қолыңдағыбарын тартып алғандар шығар». Ж.Әбдірахманов осы мазмұндағы ойларын партияныңрөліне байланысты мынадай тұжырыммен бекітеді: «Өкінішке қарай, біздіңуақытымызда партия шешпейді, тек қуаттайды. Оның қызметі әскери жүйегеқойылған. Штаб шешеді, әскер орындайды». Жергілікті әлеуметтік ситуацияныталдау, қоғамдық мәселеге жанашырлықпен қарау осындай болса керек-ті.
П.Варламов Тақтакөпірдегі көтерілісті өңірдегі тап күресініңең жоғарғы түрі, көрінісі ретінде қарастырып, оның шығуына түрткі салған «әліде жойыла қоймаған басмашылар қозғалысы», бұрынғы артықшылықтарынан айырылғанбай-ишандардың таптық қарсылығы екенін баяндайды. Өз ретінде Қарақалпақстандағыбасмашылардың Ташауыз бен Хорезм округтеріндегі басмашылармен, тіптен шетелдердегіконтрреволюциялық күштермен байланыс орнатқанына назар аударады. «Біреулер, –деп көрсетті ол, – Тақтакөпірдегі оқиғаны біздің таптық шараларымызбен, біздіңжіберіп алған асыра сілтеулерімізбен байланыстырғылары келеді. Маған және меніңсеріктеріме мұндай тұжырым қате сияқты көрінеді».
Басқаша айтқанда, П.Варламов облыстық басшылықтың қызметіндеқателік, асыра сілтеушілік жоқ деген ойды айтуға бейім. Тіптен ол жергіліктіконтрреволюциялық элементтермен күресте жұмсақтық танытып отырғандарына меңзеп,осы ретте Ф.Голощекиннің кезінде, яғни 1928 жылы 12 желтоқсанда Қарақалпақоблыстық партия комитетінің есебіне байланысты «убрать 10, чтобы замолчали 100»деген ұсынысын еске алып, осы жолмен жүрмегеніне өкініш білдіреді, яғни Советөкіметінің таптық шараларына салық саясатына қарсылық танытып отырған халыққа «олар»жақ бетке байланысты репресссиялық шараларға көшуге шақырады.
Аудандық, облыстық және республикалық партия комитеттерініңжергілікті халыққа байланысты мұндай ұстанымының астарында не жатты? Осы реттеИ.Сталиннің үкімет басшысы В.Молотовқа 1929 жылы 29 тамызда жолдаған хатындағымынадай пікірге көңіл аударайық: «Астық даярлау жақсы жолда тұр. Сібірге,Қазақстанға, Башқұртстанға байланысты осындай қатал саясат ұстаныңдар. Ауырміндеттен жалтаруға бейім Эйхе және басқа сол сияқты жолдастарға ешқандай дажеңілдік болмасын. Егер біздің бос сөзге үйір мылжыңдар емес, нағыз большевикекеніміз рас болса, 100 млн пұт таза астық қорын жинауға тиістіміз және оныістей аламыз. Егер осы астық ісінде ұтсақ, онда басқа барлық салада, яғни ішкіжәне сыртқы саясатта да ұтатын боламыз».
Бұл ұстаным биліктің барлық буынына жәнесалықтың барлық түріне өтті. Жалпы мемлекет, жеке ауыл өзін жау қоршауындақалғандай күй кешті. Қоғамға бұл көңіл күйін жеткізген Голощекиндер, Варламовтарболды. Орта Азия мен Қазақстан Сталин эмиссарлары орнатқан социалистікэксперимент кеңістігіне айналды.
Осы арада біз халық көтерілістері жоғарыда аталған үшауданда неге орын алды деген сауалға тоқталайық. Бұл сауалға жауапты алдыменжергілікті жұртқа тиесілі пікірден іздеген жөн.
Бұл ретте Ф.Голощекиннің және П.Варламовтың айтуларына көңілаударсақ, мынаны көреміз. Қарақалпақстандағы, Бостандық және Батпаққарааудандарындағы контрреволюциялық бас көтерулердің Қазақстанның барлықаймақтарындағы құлақтар мен байлардың бас көтерулері сияқты себептері ортақ. Иә,рас, Тақтакөпір мен Бостандық аудандарындағы бас көтерулердің кейбіререкшеліктері бар, бірақ олар негізгі емес. Сондай-ақ бұл аудандарда басқаларғақарағанда жартылай феодалдық, тіптен феодалдық қатынастардың қалдығы басым. Басқашаайтқанда, большевиктік билік қоғамнан тек таптар мен таптар мүддесін ғанакөрді, ал ұлттық ерекшеліктер мен жалпыұлттық мүддеге байланысты олар сырттайболса да, елеусіз бір нәрседей кейіп танытты.
Қазақ өлкелік партия комитетінің жоғарыда аталған бюроотырысында сөйлеген сөзінде ОГПУ басшысының орынбасары А.Альшанский (МильштейнА.С.) Қарақалпақстандағы көтеріліске қатынасы бар деген мынадай мазмұндағықұжатты келтіреді: «Т.Жұнайыд ханның ұлына, Шалтайға, Хакимбекке, Күден балаға,Ахметбекке.
Қарақалпақ автономиялық облысының солтүстік беттегі төртауданы тұрғындарының ең беделді өкілдері атынан.
Совет өкіметі бізге шектен тыс салықтар салып, қиянатжасауда. Біздің көрнекті яшуллаларымыз, ишандарымыз қамауда, большевиктердіңқыспағында, тіл жетпейтін қанауға ұшыраудамыз. Соған байланысты сіздерден көмеккүтеміз және Жұнайыд ханның қол астына өтуді қалаймыз, ескі басқару түрін,шариғат сотын, аталықтар мен яшуллалар билігін қалпына келтіруді міндетімізгеаламыз. Сөйтіп, Жұнайыд ханның басшылығымен жұмыс істемек ойдамыз.
Барлық тұрғындардың атынан мынадай беделді кісілерқолдарын қойды» (қолдарын жинау мүмкін болмады).
Міне,осындай көңіл күйдегі халық 1929 жылы 27 қыркүйекте «Алла! Алла!» деген ұранмен30-ға жуық қарулы көтерілісшілер аудан орталығы Тақтакөпірге кіреді. Бұларғабазар алаңындағы 150-ге жуық шаруа қосылып, түрлі берекесіздікке жол береді.Аудандық партия комитеті, атқару комитеті, комсомол комитеті және басқамекемелер қиратылып, бірнеше адам мерт болады. Көтерілісті басуға жіберілгенкоммунарлар отряды ешқандай да қарсылық көрсете алмастан қаша жөнеледі, ал оныңкомандирі, аудандық милиция бастығы Дедов өлтіріледі. Оқиғаның ізін алаТақтакөпірге жеткен шағын әскери бөлімше көтерілісшілердің қарсылығын басып, 44адамды тұтқынға алады.
Сонымен, ресмиорындар тарапынан даярланған құжаттарда көрсетілгендей, советтік биліктің ішкіжәне сыртқы жаулары тарапынан «ұйымдастырылды» деген көтерілістің ауқымықарапайым халықтың қаһарына мінген сәттегі алдында тұрған кедергілерді тауданқұлаған селдей, жайпап өте шығар дүлей әрекетінен аса қойған жоқ-тын. Ал бірақбұл әрекеттің астарында советтік билікке деген халықтың шексіз наразылығы жатқанын жоққа шығару дақисынсыз болар еді.
1929 жылдың қарашасында болып өткен Батпаққара және Наурзымкөтерілісіне байланысты істе ОГПУ-дың шығыс бөлімі бастығының көмекшісіСаенконың берген есебі тіркелген. Бұл құжатта Тақтакөпір көтерілісіне байланыстыесеп арнасында жазылып, «біз» және «олар» деген ұғым негізге алынған. Автор «байларбелсенділері» деген сөз тіркесін қолданып, бұл әлеуметтік «категорияға» қатыстыосы мезгілге дейін жеткілікті дәрежеде репрессиялық шаралардың жүргізілмегеніненазар аударады.
Қорыта айтқанда, Саенконың тұжырымында Батпаққара жәнеНаурзым аудандарындағы көтерілістің шығуына мынадай себептер негіз болған:
1. Торғай өңіріндегі бұл аталған аудандар кезінде 1916 жылғыкөтерілістің де ошағы болған. Яғни, автордың пікірі бойынша, мұнда биліктіңшараларына белсенді түрде қарсылық таныту дәстүрге айналған.
2. Бұл өңір Алашорда басшылары А.Байтұрсынұлының,М.Дулатұлының және М.Есболұлының Отаны. Алаш идеясы мұнда кең және терең тамыржайған. Көтеріліс қарсаңында, мәселен, Батпаққара ауданында 50 адамның ОГПУтарапынан тұтқынға алынуы осы жағдайға байланысты жүргізілген.
3. Батпаққарада мұхтасиб ишан Файзолла Сатыбалдин бастағандіндарлардың қоғамдағы ықпалы зор. Сатыбалдиндер мешітінің аудандағы басқа дамешіттердің өкімет меншігіне алынуы тұрғындар арасында үлкен наразылықтудырған, сондай-ақ діндарлардың советтік шараларға қарсылығын күшейтіпжіберген.
4. Саенконың пікірінше, Батпаққара және Наурзым көтерілісі,бұл – бір күннің ісі емес, қоғамдағы байлар мен дінбасыларының ұзақ даярлауыарқылы іске асырылған.
Көтерілісбарысында мынадай ұрандар тасталған: Совет өкіметі жойылсын, коммунистержойылсын, хандық билік жасасын, бай мүлкі деп тәркіленген бұйым иелерінеқайтарылсын, жер аударылғандар еліне қайтарылсын т.б.
Саенконыңкөрсетуіне қарағанда, көтеріліске шамамен 400-450-дей адам қатынасқан. Осыкөрсетуде көтерілісті даярлауға аудандық партия комитетінің хатшысы Нукеев,сондай-ақ өңірдің беделді адамдары Бекжанов, Ғалиев және Исмағұлов дегенкісілер атсалысқан. Бұл іске сондай-ақ аудандық атқару комитетінің төрағасыӘжібаевтың да қатысы болған сияқты.
Көтерілісшілер2 қараша күні ешқандай да қарсылықсыз Батпаққара ауданының орталығын басыпалған. Сол күні байлар ретінде қамақта отырғандар босатылған. Ескеретін жағдай– көтерілісшілер тарапынан бірде-бір адам жазаланбаған. КөтерілісшілерБармақовты хан көтеріп, ал ұлттық сарбаздар қолын басқару ісін Баймұратовқажүктейді.
Сонымен,Гричманов бастаған мәскеулік комиссияның қатысуымен 1930 жылдың 2 қаңтарындаөткізілген Қазақ өлкелік партия комитетінің жабық бюросының стенограммасындағыжоғарыда аталған көтерілістерге байланысты жасалған тұжырымдарға тоқталайық.Бюро отырысында бұл мәселе бойынша негізгі баяндаманы, әрине, мәскеуліккомиссияның жетекшісі Гричманов жасады. Ол үшін негізгі мәселе көтерілістергеберілуге тиісті саяси баға еді.
Гричмановсөзіндегі жасалған екі тұжырымды бөліп айтқан жөн. Ол Қарақалпақ облыстықпартия комитетінің жергілікті ерекшеліктерді ескере алмағанына, оның басшылыққаалған шешімдерін Рязаньға да, Қазанға да байланысты қолданысқа енгізуге болатынынаназар аударды. Бұл – бір. Екіншіден, жергілікті советтік биліктің жүргізгенәлеуметтік-таптық саясаты азшылық байлар мен қанаушылардың мүддесін шектеуемес, түптеп келгенде кедейлер мен орташалардың, яғни мүддесіне соққы болыптиген.
Гричмановқорытынды сөзінде: «Бізге, орталықтан келгендерге, Қазақстан өмірінде орыналған бұл күрделі оқиғалар мен процестерге саяси баға беру оңай емес. Бізсырттан келген жаңа адамдармыз, ал мұндағы жағдайды жергілікті басшылар біздентерең әрі жақсы білуге тиіссіздер», – деген тұжырымын айтты. Өкінішке қарай,Голощекин, Варламов бастаған эмиссарлардың жергілікті халықтың мүддесін аяқастыетіп, қарапайым қорғансыз халықты қолына қару алып, көтеріліске шығуға мәжбүреткенін айтуды өз жауапкершілігіне алуға батылы жетпеді.
Ф.Голощекинсөзінде көтерілістерде ауыл мен қышлақтағы асыра сілтеу саясатының салдарыретінде қарастыруға қарсылық танытып, көтерілістер тапаралық күрестің шиеленісе түсуінің нәтижесіретінде қарастыруға лайық екенін айтты. Оның түсінігінде, тап күресініңшиеленісе түсуіне алып келген жағдай – контрреволюциялық күштердің астық даярлаужәне басқа өкімет шараларын орындауға қарсылығы. Ол сөзінде, мәселен, астықдаярлау науқаны тұсында республикада 30 800 адамның репрессияға алынғанын,олардың 125-і ату жазасына бұйырылғанын, ал жергілікті ГПУ тарапынан 152 адамныңатылғаны туралы мәлімет келтірілді. Бұл келтірілген ауыр фактілер ол үшін Қазақстандаөлкелік партия комитеті тарапынан жүргізіліп жатқан қарқынды жұмыстың нақты өлшеміеді.
Ф.Голощекин 1929жж. көтерілістердің берер сабағына тоқтала келіп, ендігі уақытта Қазақстандатүрлі қажеттілікке байланысты әскер құрамаларын ұстаудың маңызын айтып,Гричмановтан бұл ұсынысты орталыққа жеткізуді өтінеді. Ф.Голощекиннің бұлұсынысы Ә.Жангелдин тарапынан да қолдау табады.
М.ҚОЙГЕЛДИЕВ,
академик