Facebook cайлау: Қосанов Тоқаевтан озып тұр
Тоғызыншы маусымға белгіленген президенттік сайлауQaznet-те қызу талқыланып жатыр.
Отандық сайтттар мен әлеуметтік желілер өзсайлауларын бастап кетті.
Мәселен, кеше facebook.comқолданушысы Айдос ЖҰҚАНҰЛЫ өз парақшасында сайлауды бастады. Оның саясидодасында екі-ақ үміткер. Олар – «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-ЖомартТОҚАЕВ пен «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы ұсынған Әміржан ҚОСАНОВ.
Әзірге оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов 79%алда. Ал ҚР президентінің міндетін атқарушы Қасым-ЖомартТоқаевқа бар-жоғы 21 % дауыс берілген.
Деседе, Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНДА әлі де мүмкіндік бар. Facebookcайлаудағы дауыс беру бес күнен кейін аяқталады. Бүгінге дейін 641 адам дауысберіпті.
2019 жылдың 23 сәуір күні өткен «Нұр Отан» партиясыныңсъезінде билік партиясының жетекшісі Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ алдағы сайлауғаҚасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып, делегаттар бірауыздан қолдаған.
26 сәуір күні «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы үміткерретінде Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынған еді. Қазақстан демократиялықкүштерінің ортақ кандидаты кеше тіл емтиханынан өтті. Енді заңға сәйкес қолжинау басталды.
Коллаж:zhasalash.kz