Facebook-те жеке парақшамды ашуды ұйғардым
Нұр-Сұлтанқаласының жаңа әкімі Алтай КӨЛГІНОВ елорда халқымен байланысқа шығу үшін facebookәлеуметтік желісіне тіркелді.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтыхабарлады.
"Құрметті достар! «Twitter» және «Instagram»-нан бөлек, қолданушысыкөп «Facebook» әлеуметтік желісінен де жеке парақшамды ашуды ұйғардым.
Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер –тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңыәрі, тиімді байланыс құралы екені сөзсіз.
Әлеуметтік желілер арқылы елорда халқы менімен байланысқа шығу мүмкіндігінеие болады. Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстарміндетті түрде қарастырамыз.
Бірлесе жұмыс жасауға және ашық диалог орнатуға әрқашандайынмын. Қаламыз жайлы, мықты, гүлденген және бұдан да әдемі болуына біргеатсалысайық!", — дейді Алтай Көлгінов өзінің Instagramжелісіндегі жазбасында
Фото: /ru.sputniknews.kz/