Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:34, 14 Наурыз 2023

Феминист депутат керек пе?

None
None

Сайлау сайқымазаққа айналып барады. Ешкімді негізсіз айыптап отырған жоқпыз. Кандидаттар арасында алаяқтардың алуан түрі, ұры-қары, жемқорлар мен жағымпаздардың да қарасы қалың екені әлеуметтік желіде жазылып жатыр.

Біздің назарымызға елден ерек, жұрттан бөлек көрінген бір кандидат ілінді. Жанар Секербаева деген сылқым. Аты-жөніне қарап сылқым деп отырмыз. Әйтпесе, үгіт-насихат парақшасындағы суреті сылқымнан гөрі, жігіттің сұлтанына көбірек ұқсайды. Ер тұлғалы, еркек пішінді үміткер.

Алматының Бостандық ауданындағы №14 сайлау учаскесінен түскен үміткердің аты-жөнін жазып, ғаламтордан іздеп көрдік. Сөйтсек, ғаламтордағы дереккөз ер пішінді Жанар Секербаева туралы біраз мәлімет шығарып берсін.

Ең алдымен, Секербаева қоғам белсендісі екен. Белсенді болғанда да әйелдердің гендерлік-жыныстық құқығын қорғап жүрген белсенді. Бұрын мұндайлар өз тірліктерін өте құпия түрде жүргізетін. Қоғамға ашық айтудан, ашыққа шығудан қорқатын. Секербаева сияқты жыныстық азғындықты насихаттайтындар көбейгелі бері бұлардың дауысы қатайып, үндері шыға бастады. Ендігі мақсаттары – мәслихат, мәжіліс сияқты заң шығаратын құрылымға бару, өздерінің құқығын қорғау, заң шығаруға ықпал ету екені анық.

Қазақстан Конституциясы бойынша Жанар сияқтылардың жұмысына кедергі келтіруге болмайды. Азғындықты насихаттау адам құқығын қорғау деп түсінетін Америка мен Еуропадан кірген заң талабы қазақ қоғамына қаншалық жат болғанымен, ішімізге соншалық тез еніп бара жатыр. Өйткені бұлардың артында үлкен күш, ақшалы топтар бар. Тіпті, саяси топтардың да тұрмасына кім кепіл?

Феминистердің құқығын қорғау заңға томпақ емес дедік қой. Олардың осындай заңды құқықтарын пайдаланып, өздерінің жымысқы ойындары мен мақсаттарын жүзеге асыруды мұрат еткен күштердің айы оңынан туып тұр қазір.

Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан билігіне қарсы саяси күштердің саны артты. Оны бесіктегі баладан, бел асқан қарияға дейін іштей түсінеді. Мысалы, күні кеше ғана Назарбаевтың қолтығына кіріп, экс-елбасы арқылы билікке келіп, байлық жиған топтардың бәрі қазір бір-бір саяси күш. Құлыбаевтар мен Нығматулиндер, Шөкеев, Өтемұратов, Байбек пен Абаев та бір-бір клан. Сайлау сияқты саяси науқан кезінде сондай ықпалды саяси топтар қарап отырмайды. Қандай құрбандық берсе де, мәжіліс пен мәслихатқа бірнеше кандидатын өткізіп жіберуге тырысады. Өткізе алмаған күннің өзінде «сайлау әділетсіз болды, адам құқығын шектеді» деген сияқты алуан түрлі айыптар тағып, аяқтан шалмақ. Секербаевалардың селтең-селтең етіп сайлауға түсіп отырғаны – солардың желі.

Біздің билік азғындықты, бір жыныстыларды, көгілдірлер мен қызтекелерді насихаттайтын феминистердің жолын кесудің орнына – ұлтқа қызмет етіп жүргендердің шаужайынан алып әлек. Дәл қазір Астанаға Мұхтар Тайжан, Арман Шораев, Рысбек Сарсенбаевтар «қауіпті» кандидат шығар. Алайда Қазақстанның болашағына Жанар Секербаевалардан артық қауіптілер жоқ.

Тегтер: