Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:30

 Филиппинде жүздеген жолаушысы бар паром суға кетті

1
Фото: скриншот

Филиппинде 350-ден астам адам мінген жолаушылар паромы апатқа ұшырады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, кемінде 15 адам қаза тапты, ондаған адам жоғалғандар қатарында. Құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, MV Trisha Kerstin 3 жолаушылар кемесі бүгін жергілікті уақытпен сағат 01:50 шамасында апатқа ұшыраған. Паром Замбоанга-Джоло (Сулу провинциясы) бағытымен жүзіп бара жатқанда, Басилан аралы маңында суға кеткен.

Филиппин жағалау күзетінің мәліметі бойынша, кемеде 332 жолаушы мен 27 экипаж мүшесі болған.

Ресми ақпаратқа сай, 15 адам көз жұмды. Құтқарушылар 316 жолаушыны аман алып шықты, бірақ тағы 28 адамды іздестіру жалғасып жатыр.

Жағалау күзеті кейбір жолаушылардың құтқару желетсіз суға түскенін айтып, бұл іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатып отырғанын атап өтті.

Оңтүстік Минданао жағалау күзетінің командирі Ромель Дуа құтқару операциясына әскери ұшақтар мен кемелер тартылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, апаттың себебін анықтау үшін тергеу басталды.

Филиппин жағалау күзеті Минданаодағы Исабела портынан видео жариялады. Кадрларда аман қалған адамдарды қайықтармен жағаға жеткізіп, терможамылғымен орап, зардап шеккендерді зембілмен алып кетіп, дәрігерлерге тапсырғанын көруге болады.

Тегтер: