Финляндиядан Ресейге алюминий экспорты бір жыл ішінде екі есеге артқан
2024 жылдың кейінгі тоғыз айында Финляндия Ресейге алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп алюминий экспорттады. Бұл туралы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, финдік Yle телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, осы кезеңде фин алюминийі импортының көлемі 22,3 миллион еуроны құрады, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда дәл 11 миллион еуроға артық.
Финляндия кеден қызметінің статистика департаментінің басшысы Олли-Пекка Пенттиляның айтуынша, қазір Ресейге алюминий сатудың айқын өсімі байқалған. Өнімнің бұл түрі Ресейге қарсы санкциялар тізімінде жоқ. Пенттиляның айтуынша, алюминий Финляндиядан Ресей Федерациясына тікелей теңіз арқылы экспортталады немесе Балтық жағалауы елдері арқылы жіберіледі.
Финляндияда шиптерді кім өндіреді?
Финляндияда үш ірі шип өндірушілері бар. Олар: Tikka Spikes, Scason және Turvanasta (Шип дегеніміз қыста көліктердің дөңгелегіне салынған металл өзек). Tikka Spikes және Scason басқарушы директорларының айтуынша, олардың компаниялары Ресейге өнім экспорттамайды. Телеарнаның хабарлауынша, кедендік статистикада алюминий экспортының ұлғаюы тек Турванаста өнімдерінің экспортының артуына байланысты.
Турванаста бас директоры Микко Салакаридің айтуынша, компания тапсырыстардың қай жерде жеткізілетініне әсер ете алмайды.
"Егер біз өндіретін өнімдердің Ресейге кіруіне жол бермегіміз келсе, тұтынушыларымыздан тапсырыстарды мүлде қабылдай алмас едік. Тұтынушылар тапсырыс берген өнімді қайда жөнелту керегін өзі шешеді", - дейді ол.