Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:04, 04 Қазан 2023

Физика бойынша Нобель сыйлығы электрондарды зерттеген ғалымдарға берілді

нобел
Фото: Twitter / NobelPrize

2023 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығы электрондар туралы зерттеулері үшін АҚШ, Германия және Швецияның үш ғалымына берілді.

Огайо университетінен (АҚШ) Пьер Агостини, Макс Планк институтынан Ференц Краус және Мюнхендегі Людвиг-Максимилиан университетінен (Германия) және Лунд университетінен (Швеция) Энн Л-Юле 2023 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.

Сыйлық атомдар мен молекулалардағы электрондарды зерттегені үшін берілді.

Физика бойынша Нобель сыйлығы

2022 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары америкалық Джон Клаузер, француз Ален Аспект және аустриялық Антон Цайлингер болды. Олар кванттық технологияның жаңа дәуірін бастаған эксперименттік құралдарды әзірлегені үшін марапатқа ие болды. «Кванттық күйлерді және олардың барлық қасиеттерін басқару мүмкіндігі бізге күтпеген әлеуеті бар құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді комитет өз шешімінде. Комитет осы зерттеуді қолдану мысалдары ретінде кванттық компьютерлермен, кванттық желілермен және кванттық шифрлаумен қауіпсіз байланыстарды келтірді.

Физика бойынша 2021 жылғы Нобель сыйлығы неміс ғалымы Клаус Хассельманн, итальян ғалымы Джорджио Париси және америкалық Сюкуро Манабеге берілді. Хассельман мен Манабе «Жер климатын физикалық модельдеу, өзгермеліліктің сандық талдауы және жаһандық жылынуды сенімді болжау» үшін марапатталды. 

Жалпы, 1901 жылдан бері физика бойынша Нобель сыйлығы 116 рет беріліп, оны 222 адам алды. Жүлде сомасы 10 миллион кронанды құрайды.

Айта кетейік, 2023 жылғы медицина бойынша нобель сыйлығы ковид-19 вакцинасын ойлап тапқан ғалымдарға берілген болатын.