Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:10

FlyArystan-ның жаңа президенті тағайындалды

FlyArystan
Фото: caravan.kz

Air Astana компаниялары тобы бюджеттік авиакомпания FlyArystan-ның жаңа президенті болып Йохан Эйдхагенді тағайындады. 

Ол 1 наурыз 2026 жылдан бастап қызметке кіріседі. Йохан бұрын Wizz Air компаниясында әртүрлі жетекші лауазымдарда жұмыс істеген. Соның ішінде Абу-Дабидегі басқарушы директор болған. Бұрын Nokia компаниясында да 15 жыл жетекші қызметтер атқарған.

Ал қазіргі президент Ричард Леджер Air Astana тобында серіктестік пен халықаралық альянстарды дамытуға жауапты жаңа қызметке ауысады. Соның ішінде компания жақында China Southern Airlines және Air India-мен серіктестік келісімдер жасаған. Бұл халықаралық қатысуды кеңейтудің маңызды бөлігі болып саналады. Леджер осы бағытты басқарады.

Тегтер: