Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:12, 05 Наурыз 2025

FlyArystan жасырын түрде билет бағасын өсірген

FlyArystan
Фото: caravan.kz

Қазақстанның Азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін лоукостер FlyArystan авиакомпаниясы билет бағаларын жасырын төлемдер арқылы негізсіз қымбаттатқан. Бұл туралы  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Агенттік жүргізген талдау нәтижесінде, FlyArystan авиакомпаниясы билет брондау барысында әртүрлі кезеңдерде автоматты түрде қосылатын жасырын төлемдер арқылы билет құнын арттырғаны анықталды. Атап айтқанда, авиакомпания транзакция үшін комиссия алып, бұл "drip pricing" деп аталатын әдісті қолданған. Айта кету керек, Еуропа заңнамасында мұндай тәжірибе толығымен тыйым салынған.

Агенттік FlyArystan компаниясына монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жібердген. Нәтижесінде, авиакомпания бұл ескертуді орындап, жасырын төлемдер арқылы бағаны арттыруды тоқтатты.

Агенттік басшысы Марат Омаровтың айтуынша, авиакомпанияға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жіберілген.

«Авиатасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл drip pricing деп аталады, яғни «бағаны біртіндеп көтеру». Еуропа елдеріндегі заңнамада бұған мүлдем тыйым салынған. Осы фактілерді анықтап, авиатасымалдаушыға заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Кейін талап орындалды», - деді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров.

Тегтер: