Forbes тізіміндегі миллиардерлер су тасқынына көмектесті ме?
Forbes мәліметтері бойынша, 2023 жылы Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің жалпы байлығы 38,4 миллиард долларға бағаланған. Оның 23,9 миллиард доллары миллиардерлерге тиесілі.
Nege.Aqsha мәліметінше, Forbes миллиардерлері су тасқынынан зардап шеккендерге ақшалай және гуманитарлық көмектер жіберген.
- Мәселен, Владимир Ким 4,6 миллиард доллар дәулеті бар елдегі ең бай адам болып саналады. Кимнің үлесі бар «KAZ Minerals» тобы мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және табиғи апат салдарын жою үшін 800 миллион теңге бөлді. Сонымен қатар, Қазақмыс Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 14 бірлік ауыр арнайы техника мен гуманитарлық көмек жіберді.
- 4,3 миллиард доллар байлығы бар жұбайлар Тимур мен Динара Құлыбаевтар 1 миллиард теңге қайырымдылық жасады.
- Вячеслав Кимнің байлығы 3,6 миллиард долларға бағаланып, кәсіпкер негізін қалаған Kaspi зардап шеккендерге 620 миллион теңге аударған.
- Freedom Holding Corp арқылы 3,6 миллиард доллар байлығы бар Тимур Турлов 1 млрд теңге жіберді.
- Байлығы 3,6 миллиард долларды құрайтын кәсіпкер Болат Өтемұратов зардап шеккендерге көмек ретінде 680 миллион теңге бөлді.
- Ең байлар тізімінде 1,3 миллиард доллар байлығымен Ибрагимовтар отбасы 7-ші орында тұр. Директорлар кеңесінде Шухрат Ибрагимов бар ERG тобы 400 миллион теңге бөлді. Кәсіпорын қаржылай көмектен бөлек, су тасқынының салдарын жоюға арнайы техникалар мен адамдарды жіберіп, Ақтөбе облысына 300 тонна қиыршық тас жеткізіп, зардап шеккендерді азық-түлік пен жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етті.
Фото: tengrinews.kz