Фотосуреттегі анық Құнанбай емес

Осыдан бірер күн бұрын (23.06.20) «Жас Алаш» газетініңкезекті санында журналист Сәтжан Қасымжанұлының «Құнанбайдың шынайы фотосыжарты ғасыр менде сақтаулы» деген Қарауыл ауылының тұрғыны Манатай Балтақайұлыақсақалмен жүргізген, оқырманды бейжай қалдырмаған сұхбат түріндегі мақаласыжарияланған-ды.
Онда ұлы Абайдың аталас туысы, өткендегіден жәнебүгінгіден түйгені мол Манатай Балтақайұлы ақсақал өзінде сақталып келе жатқанҚұнанбай қажы фотосуретінен сыр шертеді. Ақсақалдың айтуынша, оған суретті 70-жылдары туысы Ахат Шәкәрімұлы сыйлапты.Ол кісі Манатай қартқа «бұл фотосуретті кезінде Омбы архивінен алдым» дегенкөрінеді. Әрине, биыл туғанына 175 жыл толуы елімізде кең түрде аталып өткеліжатқан ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажының беймәлім суретінің табылуы шынмәнінде ерекше жаңалық дейтіндей жағдай.
Мақаланың бірер жолынан кейін Құнанбай қажыныңүлкейтілген фотосуретін қолына ұстап, көрсетіп тұрған Манатай ағаның суретіне көзімтүсті. Фотосуретке қараған бетте-ақ мен оның Құнанбай қажыға қатысы жоқ екенінкөрдім. Себебі осындай фотосуреттің бірін осыдан 10 жылдай бұрын Балтабек дегеназамат «Құнанбай қажының суреті» деп, маған алып келген еді. Мен сол кезде оғанбұл суретте бейнеленген адамның Құнанбай Өскенбайұлы емесін және онда өззаманының тағы бір айрықша тұлғасы – Найманхан төре Қамбарұлының бейнеленгенінайттым.
1891 жылы Ресей империясының тақ мұрагері, болашақ патшаІІ Николай мемлекеттің жерімен және тұрғындарымен танысу үшін сапарға шығады.Жоспар бойынша оның Омбыға келуі және Ертіс бойындағы бір қазақ ауылыментанысуы тиіс болған. Омбы жерінде тақ мұрагерін қарсы алуға жарты жыл дайындықжүргізіліпті. Тақ мұрагерімен кездесуге қазақтың ел билеуші игі жақсыларышақырылған. Бүгіндері сол адамдардың бір тобының түскен суретін тамашалауғамүмкіндігіміз бар. Бұл фотосурет туралы кезінде орталық мемлекеттік архивтіңқызметкері болған, ел тарихын жақсы білетін марқұм Марат Әбдешев өзінің «Қазақ портретініңтарихы» кітабында мейлінше жан-жақты жазған болатын.
Аталған фотосуретте ел билеушілерінің бесеуі, орталарындаШыңғыс сұлтан Уәлиханұлы бар, алдыңғы қатарда отыр. Ал олардың арттарында төртадам тұр. Шыңғыс Уәлихановтың оң жағында, ел «осы Құнанбай қажы болар» депанда-санда айтып қалатын, жас мөлшері 45-50-лер шамасындағы кісі отыр. Бұл адамЖетісу облысынан келген Абылай ханның Әділ деген ұлынан тарайтын Найманхан төреҚамбарұлы болатын.
Кезінде бүгінгідей қажетті ақпарат алатын ғаламтор сияқтыжәне т.б. мүмкіндіктер болмаған уақыттаосы топтық суреттегі адамдардың ішінен Шыңғыс Уәлихановтан басқасы мүлдебелгісіз болған-ды. Кейіннен олардың кім екендерін Марат Әбдешев көптегенқұжаттармен жұмыс істей отыра (сонда да біразын) нақтылаған. Осылардың көбініңаттары беймәлім кезде Шыңғыс Уәлихановтың сол жағында отырған, жас шамасы 45-50аралығындағы көрнекті адамды әркімдердің бұл Құнанбай Өскенбайұлы болуы керекдей бастағанын байқаймыз. Тіпті олар бұл жерде жасы 80-ге шыққан Шыңғыс сұлтан менҚұнанбай қажының арасындағы біршама болатын жас айырмашылықтарын дасалыстырмаған және қажының 1885 жылы 81 жасында қайтыс болғанын да ескермеген. МаратЕскендірұлының айтуынша, ел топтық суреттегі Найманханды Құнанбай деп ұйғарыпалған.
Кейбір зерттеушілер өз кітаптарына осы топтық суреттенбөліп алып, ретушьпен біраз өңдеп, Құнанбайдың жеке суретін жасаған, енгізген.Ал Манатай ақсақал көрсетіп отырған фотосуретті осындай әдіспен бұдан көпертерек жасалған деп айтуға болады. Үш фотосуретті қатар қойып қараған адам олардыңнегіздерінің бір екенін көре алады. Топтық суреттегі Найманхан төренің келбетініңұқсастығынан басқа, сырт киімі мен Құнанбай қажының үстіндегі киімінің дебірдейлігі, әсіресе көмкерілген жиектері көзге бірден түседі. Бір айтатын нәрсе– Найманхан төренің сол жақ көзінің біршама кірбиіп көрінетіні де елдіадастырған. Бізге жеткен әңгімелер бойынша, Құнанбай қажының да бір көзініңкезінде зақымданғаны белгілі. Осы фактор Найманхан суретін Құнанбай қажы суретідеуге әкелген сияқты. Қорыта айтқанда, бұл фотосуреттің Құнанбай Өскенбайұлынақатысы жоқ, онда бейнеленген – Найманхан төре Қамбарұлы.
Сол сияқты 1891 жылы Омбыда бір топ адам түсірілген осыфотосуреттің екінші қатарында оң жақта түрегеп тұрған, мойнына асып алған болысбилеушісінің белгісі бар адамның кім екені әлі күнге дейін белгісіз. Елдіңбіразы осы адамды Шәкәрім қажы дейді. Ал Марат Әбдешев фотодағы осы беймәлім адамныңбейнесін Шәкәрім қажының суретімен арнайы мамандарға салыстыртқан. Маман Е.Титикованыңайтуы бойынша, кейбір аздаған ұқсастықтардың болуына қарамастан, фотосуреттегіадамның Шәкәрім қажы екенін дәлелдейалмаған.
Біздің ойымызша, бұл адам – кейіннен ІІ мемлекеттік думаныңдепутаты болған, тақ мұрагерімен кездесуге Семей облысынан келген Сейтенболысының сол кездегі болыс билеушісі Темірғалы Нүрекенов. Біріншіден, солкезде 35 жастағы Темірғалы Нүрекенов осы жиынға арнайы шақыртылған. Екіншіден,оның тақ мұрагері ІІ Николайға күмістелген «қаракесек ер-тоқымын» сыйғатартқанын белгілі өлкетанушы Ю.Попов айтады.
Әңгімеге арқау болған Құнанбай қажының өзіне тән суретітабылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Егер мына суреттегі бейнеленгенадамды Құнанбай қажы деп танып, кейінненол сол күйінде музейге қойылып, жазылатын кітаптарға еніп кетсе, дұрысболмайтыны және елді адастыратыны анық.
Мұхтарбек КӘРІМОВ,
Шәкәрім университетініңпрофессоры,
тарих ғылымының кандидаты
Семейқаласы