Франциядағы жарылысқа күдікті "Ислам мемлекетінің" содыры екенін айтты

01.06.2019, 03:00

254

Францияның Лиона қаласында теракт ұйымдастырды деп күдікке ілінген азамат өзін «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымның содыры екенін айтты. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеп, жергілікті BFMTV арнасы хабарлады.

Әуелде Мохамед Хишем өзінің бұл топқа қатысы барын жоққа шығарған. Оның жарылысты не үшін ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Күдіктінің үйін тінту кезінде оның интернеттен жиһад туралы іздегені анықталған, бірақ «Ислам мемлекетімен» қандай да бір байланысы бар екеніне айғақ табылмады.

24 мамырда Лиона қаласының орталығында жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен. Полиция күдіктіні үш күннен соң, 27 мамырда ұстаған. Соңғы деректерге қарағанда, наубайхана есігінің алдына қойылған сөмкедегі қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған. Жарылыс террористік мақсатта жасалған қастандық ретінде тергеліп жатыр.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28