Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:05, 28 Тамыз 2024

Франция президенті Макрон Дуровқа Telegram-ның бас кеңсесін Парижге көшіруді ұсынған - WSJ

с
Фото: Global Look Press

Франция президенті Эммануэль Макрон бірнеше жыл бұрын Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа компанияның бас кеңсесін Парижге көшіруді ұсынған, деп жазады The Wall Street Journal.

«2018 жылы бұрын хабарланбаған түскі ас кезінде Макрон Дуровқа Telegram штаб-пәтерін Парижге көшіруді ұсынды», - деп жазады газет.

Дереккөздердің айтуынша, Дуров одан бас тартқан. Сонымен қатар, кездесуде француз басшысы оған Франция азаматтығын беруді ұсынған.

Батыс БАҚ-тары Дуров 2021 жылы Франция азаматтығын алғанын еске салады.

Сонымен қатар, Франция мен БАӘ барлау қызметтері 2017 жылы Дуровтың телефонын бұзбақ болған. «Барлау қызметінің бұған дейін хабарланбаған операциясы «Күлгін музыка» кодтық атауымен өтті», - деп жазады басылым.

Газеттің хабарлауынша, француз тарапы сол сәтте «Ислам мемлекеті» лаңкестерінің Telegram-ды жалдау және шабуылдарды жоспарлау үшін пайдалануы мүмкін екеніне алаңдаған.

Айта кетейік, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров 24 тамызда Францияда ұсталды. Франция прокуратурасының мәлімдемесіне сәйкес, Дуров 12 қылмыс жасады деген күдікке ілінген: олардың барлығы Telegram-ды пайдалануға қатысты. Атап айтқанда, ол арқылы жүзеге асырылатын заңсыз транзакциялар және алаяқтардың платформаны пайдалануы туралы айтылады.