Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:25

Францияда Ресей пайдасына тыңшылық жасады деп күдікке ілінген үш адам қамауға алынды

Париж
Фото: Louise Delmotte/Copyright 2024 The AP. All rights reserved.

Францияда Ресей мүддесі үшін тыңшылық жасады және елді дестабилизациялауға бағытталған әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды.

Бұл туралы AFP агенттігі 26 қарашаға қараған түні хабарлады.

Тергеу Франциядағы француз-орыс SOS Donbass ұйымына қатысты жүргізіліп жатыр. Арнайы қызмет өкілдерінің мәліметінше, ұйым сырттай гуманитарлық көмек көрсететін құрылым ретінде көрсетілгенімен, шын мәнінде Ресейдің операцияларына қатысуы мүмкін.

Күдіктілер кімдер?

Ұсталғандардың бірі – 40 жастағы Ресей азаматы Вячеслав П. Париж прокуратурасы оны қыркүйек айында Триумф аркасына Ресей позициясындағы ұрандар жазылған плакаттарды жапсыру ісіне қатысы бар деп айыптайды. Полиция оны видеобақылау камералары арқылы анықтаған.

Тергеу мәліметіне қарағанда, плакаттарды жабыстырғаннан кейін Вячеслав П. екі адамға, оның ішінде SOS Donbass ұйымының жетекшісі, қос азаматтығы бар (Франция және Ресей) Анна Н. есімді 40 жастағы әйелге қоңырау шалған. Тергеу Анна Н.-ны Франция экономикасы саласындағы өкілдерден ақпарат алуға тырысты деп күдіктеп отыр.

Францияның ішкі қауіпсіздік қызметі DGSI – Анна Н.-ны жыл басынан бері бақылауға алған. Ол “Францияның негізгі мемлекеттік мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін әрекеттермен” айналысты деп күдікке іліккен. Наурыз айында оған “шетелдік мемлекет пайдасына тыңшылық жасау” бабы бойынша ресми тергеу ашылған. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Үшінші күдікті — 63 жастағы Винсент П., Париж маңында тұрады. Ал төртінші күдікті 58 жастағы Бернар Ф. – қамаудан босатылғанымен, ол сот бақылауына алынған және апта сайын полиция бөліміне келіп белгіленуге міндеттелген.

SOS Donbass ұйымына қатысты күдік неде?

Ұйым өзін Украина шығысындағы соғыс аймағындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізетін еріктілер тобы ретінде көрсетеді. Алайда DGSI мәліметінше, шын мәнінде ұйым:

  • Ресей мүддесін алға жылжытуға,

  • француз қоғамының пікіріне ықпал етуге,

  • Францияда тұрақсыздық туғызуға бағытталған әрекеттерге қатысы болуы мүмкін.

Қазір полиция мен ұлттық қауіпсіздік қызметтері ұйымның байланыстары мен қаржыландыру арналарына терең тексеріс жүргізіп жатыр.

Тегтер: