Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:35

Француз актрисасы Брижит Бардо қайтыс болды

Брижит Бардо
Фото: ашық дереккөз

Француз киносының әйгілі актрисасы Брижит Бардо 91 жасында өмірден өтті.

 Бұл туралы Le Figaro және AFP агенттіктері хабарлады.

Брижит Бардо 1934 жылғы 28 қыркүйекте Парижде дүниеге келген. Ол католик мектебінде білім алып, бала кезінен биге әуес болды. Жеті жасынан бастап балетпен айналысып, 13 жасынан Париждегі Ұлттық жоғары музыка және би консерваториясында оқыды. Онда орыс хореографы Борис Князевтің сабағына қатысқан.

Бардо 14 жасында манекенші ретінде еңбек жолын бастады. Алғашқы шағын сән көрсетілімінен кейін оны Jardin des Modes журналының редакторы байқап, кейін Elle басылымына түсірілімдерге шақырылды.

Актрисаның кино мансабы 1952 жылы Жан Буайе түсірген «Нормандиядағы апан» фильмінен басталды. Ал шешуші кезең 1956 жылы режиссер Роже Вадимнің «Құдай әйелді жаратты» картинасында ойнауымен байланысты. Бұл фильм Бардоға әлемдік даңқ әкеліп, оны тұтас бір дәуірдің символына айналдырды. Роже Вадим сол кезде актрисаның алғашқы күйеуі болған.

Жалпы Брижит Бардо елуге жуық фильмге түсті. Олардың қатарында «бірнеше танымал туындылар бар. Ол Ален Делон, Марчелло Мастроянни сынды актерлермен бірге ойнап, Жан-Люк Годар бастаған француз киносының жетекші режиссерлерімен жұмыс істеді.

Кинодан бөлек, Бардо музыкамен де айналысып, бірнеше пластинка жазды. Әсіресе композитор әрі әнші Серж Генсбурмен бірлескен жазбалары кеңінен танымал. Генсбур актрисаға арнап бірнеше ән шығарған.

1980-жылдардың соңынан бастап Брижит Бардо қоғамдық қызметке ден қойып, жануарларды қорғау ісінің ең танымал тұлғаларының біріне айналды. 1987 жылы ол жануарларды қорғауға арналған Брижит Бардо қорын құрды. Аукцион арқылы үш миллион франк жинап, қордың жұмысы үшін өз үйін де тапсырған.

Тегтер: