Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:00

Француз комментаторлары Олимпиадаға қатысқан Қазақстан құрамасын келеке етті

Олимпиада
Фото: ашық дереккөз

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсеткен France TV Direct телеарнасының комментаторлары Қазақстан құрамасының спорттық киім үлгісіне қатысты пікір білдірді.

Тікелей эфир барысында француз комментаторлары қазақстандық спортшылардың формасында ұлттық нақыштағы дәстүрлі элементтердің байқалмайтынын атап өтіп, киім дизайнының тым қарапайым көрінетінін айтқан. Олардың бірі әзіл-сықаққа толы пікір білдіріп, Қазақстан құрамасын дәстүрлі киімде көреміз деп күткенін жеткізген.

«Көк түсті қазақтар. Біз оларды дәстүрлі киімде көреміз деп ойлаған едік. Бәлкім, дайындыққа уақыттары болмаған шығар. Мүмкін, Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі жеңісін тойлап жатқан болар», – деді репортер тікелей эфир кезінде.

Айта кетейік, Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дайындық үшін 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. Италияда өтіп жатқан төртжылдықтың басты қысқы додасында ел намысын 36 спортшы қорғап жатыр.