Шымбұлақта фристайлдан FIS Әлем Кубогының жарысы өтті

2025 жылғы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматыдағы Шымбұлақ тау курортында фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңдері өтті. Жарыстар "могул", "параллель могул" және "шаңғы акробатикасы" бойынша ұйымдастырылып, әлемнің 18-ден астам елінен 100-ден аса спортшы қатысты.
Могул сайысы (28 ақпан)
Ерлер:
-
KINGSBURY Mikael (Канада)
-
JUNG Daeyoon (Корея)
-
HORISHIMA Ikuma (Жапония)
Әйелдер:
-
JOHNSON Tess (АҚШ)
-
KAUF Jaelin (АҚШ)
-
YANAGIMOTO Rino (Жапония)
Қатты тұманның салдарынан могул бойынша финал жарысы өтпей қалды. Сондықтан әйелдер арасындағы нәтижелер бірінші финал (F1) қорытындысы бойынша, ал ерлердікі бағыттар нәтижесіне сүйене отырып анықталды. Қазақстандық спортшылар арасында Анастасия Городко 6-орын, Юлия Галышева 7-орын, ал Павел Колмаков 5-орын алды.
Параллель могул (1 наурыз)
Анастасия Городко жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанға күміс медаль сыйлады. Жарыстың жүлдегерлері:
Ерлер:
-
KINGSBURY Mikael (Канада)
-
HORISHIMA Ikuma (Жапония)
-
GRAHAM Matt (Австралия)
Әйелдер:
-
KAUF Jaelin (АҚШ)
-
YANAGIMOTO Rino (Жапония)
-
GORODKO Anastassiya (Қазақстан)
Юлия Галышева ширек финалға өтіп, Анастасия Городкоға есе жіберіп, 5-орын алды. Павел Колмаков жарысты 10-орынмен аяқтады.
Шаңғы акробатикасы (2 наурыз)
Жеңімпаздар:
Ерлер:
-
WANG Xindi (Қытай)
-
ROTH Noe (Швейцария)
-
QI Guangpu (Қытай)
Әйелдер:
-
PEEL Laura (Австралия)
-
XU Mengtao (Қытай)
-
SCOTT Danielle (Австралия)
Қазақстандық спортшы Айяна Жолдас алғашқы финалға өтіп, 9-орын алды. Ерлер арасындағы қатысушылар финалға шыға алмады. Олардың көрсеткіштері:
-
Погосян Роман – 26 орын
-
Хаширбаев Шерзод – 27 орын
-
Умурзаков Уланбакир – 28 орын
-
Дінмұхаммед Райымқұлов – 32 орын
Алдағы жарыстар
FIS Әлем Кубогы финалының кезеңдері 11-13 наурыз аралығында Италияның Ливиньо курортында өтеді.
Шымбұлақтағы халықаралық жарыстардың маңызы
FIS өкілдері мен спортшылар трассалардың дайындығы мен ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті. Қазақстан жыл сайын осындай деңгейдегі жарыстарды өткізе отырып, қысқы спорт түрлерінің халықаралық аренасындағы беделін арттыруда. Алдағы жылдары ұйымдастырушылар 6 Әлем Кубогы кезеңін, Әлем чемпионатын, Жастар арасындағы Әлем чемпионатын және Азия Кубогын өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл жарыстар Қазақстандағы туризмді, әсіресе спорттық туризмді дамытуға оң әсерін тигізіп, Алматы мен Шымбұлақты халықаралық деңгейдегі спорттық орталыққа айналдыруда.
Жарысты ұйымдастырушылар:
-
ҚР Ұлттық шаңғы ассоциациясы
-
"Шымбұлақ" тау курорты
Қолдау білдіргендер:
-
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
-
Алматы қаласының әкімдігі
-
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
-
"Самұрық-Қазына" АҚ
-
Спортты дамыту дирекциясы
-
Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры
FIS жарыстарын ұйымдастыру Қазақстандағы шаңғы спортының дамуына үлкен серпін берді. Қазіргі уақытта елімізде фристайл бойынша үш халықаралық төреші бар, олар әлемдік жарыстарда қызмет атқарып жүр. Сондай-ақ, "Шымбұлақ" курортының операциялық директоры Александр Руденко фристайлдан ФИС техникалық делегаты лицензиясын алды.
Жастар арасында қысқы спорт түрлерін насихаттау – басты мақсаттардың бірі. Ұйымдастырушылар фристайл, тау шаңғысы, сноуборд және фриски сияқты спорт түрлерін дамыту үшін курорт инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі қысқы спорттық іс-шараларды қабылдай бермек.