Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:41

ФТБ Чарли Кирктің қаскөйлері туралы жаңа деректерді жариялады

1
Фото: George Frey/Getty Images/AFP

АҚШ-та белгілі консервативті белсенді, Turning Point USA қозғалысының негізін қалаушы Чарли Киркттің  қастандық құрбаны болды. 31 жастағы Дональд Трамптың жақтасы Utah Valley университеті кампусында сөз сөйлеп тұрған кезде оққа ұшты.

 

ФТБ (Федералдық тергеу бюросы) мәліметінше, күдікті жергілікті уақыт бойынша сағат 11:52-де оқу орнына кіріп, Losee Center ғимаратының төбесіне көтерілген. Ол шамамен 140 метр қашықтықтан бір рет оқ атып, кейін шатырдан секіріп түсіп, орманға қашып кеткен.

Қазір оны іздестіру жалғасып жатыр. АҚШ Федералдық тергеу бюросы қылмыскер туралы ақпарат бергендерге 100 мың доллар сыйақы тағайындады. Азаматтардан 130-дан астам хабарлама түскен. Әлеуметтік желілерде күдіктінің бейнесі жарияланды: ол қара киімде, күннен қорғайтын көзілдірікте, басында кепка, иығында рюкзак болған.

Орманды аймақта тергеушілер күдіктіге тиесілі болуы мүмкін қаруды тапты. Бұл – Mauser маркалы 30-06 калибрлі винтовка, сырғыма бекіткіші мен оптикалық көздеуіші бар. Қару ішінде үш оқ қалған, олардың гильзасына антифашистік және ЛГБТ идеологиясына қатысты ұрандар ойылып жазылғаны айтылады. Бірақ бұл дерек ресми түрде расталмаған. Қару сараптамаға жіберілді.

Криминалистер сондай-ақ алақан ізі, аяқ киім ізі және қолдың тірелген белгілерін тапқан.

Юта штатының Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің комиссары Бо Мейсонның сөзінше, күдікті сырт келбеті бойынша студентке ұқсас болғандықтан, ешкімнің назарын аудармаған.

"Тергеушілер барлық ықтимал аймақты тексеріп, тұрғындардың бейнекамераларындағы жазбаларды жинап жатыр", – деді ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қыркүйек құрбандарын еске алу шарасында сөзін Чарли Кирктің қазасына байланысты бастаған. Ол белсендіні президенттің Бостандық медалімен (құрмет белгісі) қайтыс болғаннан кейін марапаттайтынын айтты.

"Біз оны қатты сағынамыз. Бірақ оның дауысы мен батылдығы миллиондаған жастардың жүрегінде өмір сүре береді", – деді Трамп.


Айта кетейік, Чарли Кирк мінберде сөйлеп тұрған сәтте оқ мойнына тиген. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады.

Тегтер: