Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:17

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы 2026 жылдың жазына жоспарланған жолдастық матчтар сериясын жариялады.

Алдымен, 6 маусым күні Армения құрамасы қарсы Ереванда өтетін матч – екі команда арасындағы тоғызыншы кездесу болмақ. Бұған дейінгі ойындарда айтарлықтай басымдық ешқайсысына бұйырмаған. Сондықтан бұл матч – тең деңгейдегі қарсыластар тартысы ретінде қызық болмақ.

Одан кейін, 9 маусым күні Түркістандағы жаңа стадионда Венгрия құрамасы қарсы матч өтеді. Бұл – мүлде басқа деңгей. Венгрия соңғы жылдары Еуропада қарқынды дамып келе жатқан, тактикалық тұрғыдан жетілген командаға айналды. Демек, бұл ойын Қазақстан үшін тек тексеріс емес, нақты өлшем болады.

 Алдағы матчтар 

Осы ойындарға дейін Қазақстан құрамасы FIFA Series 26 аясында Астанада екі матч өткізеді:

25 наурыз – Намибия;

31 наурыз – Комор аралдары.

Бұл кездесулер жаттықтырушы Талғат Байсуфинов үшін құрамды тексеріп, жаңа ойыншыларды сынауға мүмкіндік береді.

Тегтер: