Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:52

G7 саммиті: Иран ядролық қаруға ие болмауы керек 

иран
Фото: АР

Канадада өткен G7 саммиті Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс пен Таяу Шығыстағы жаңа соғыс қаупі аясында өтті.

 Саммит қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемеде: «Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмауы керек» деген қатаң ұстаным айтылды. Алайда бұл құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп қол қоймай кетті.

G7: Иран – тұрақсыздық пен террор көзі

Канаданың Кананаскис қаласында өткен саммит барысында G7 елдері Иранды аймақтағы тұрақсыздық пен терроризмнің көзі ретінде сипаттап, ядролық қаруға ұмтылуы бүкіл әлем үшін қауіп төндіретінін айтты. Германия канцлері Фридрих Мерц бастаған Еуропа лидерлері Иранның уран байыту әрекеттері мен ядролық инфрақұрылымының дамуын айыптап, бұған қарсы тұру қажет екенін мәлімдеді.

Дональд Трамп саммит аяқталмай жатып Канададан кетіп қалды. Truth Social желісіндегі жазбасында ол:

«Иран мен айтқан келісімді қабылдауы керек еді. Бұл – ұят жағдай және адам өмірінің босқа кетуі», – деп жазды.

Ол сондай-ақ Тегерандағы халықты қаладан кетуге шақырды. Бұл сөздер халықаралық қауымдастық арасында алаңдаушылық тудырды. Трамп өз мәлімдемесінде Иранмен келіссөздер «тым кеш болмай тұрып» басталуы керек екенін ескертті.

Тегтер: