Ғалымдар адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін тағы бір вирусты атады

Америкалық ғалымдар жануарларды зомби тәрізді ауруға айналдыратын инфекцияны жұқтырған алғашқы бұғыны анықтады. Енді ғалымдар вирустың дамып, адамға жұғатынына алаңдаулы.
The Guardian басылымының хабарлауынша, Йеллоустоун ұлттық саябағында ауру жұқтырған бұғы табылған. Басылым өлімге әкелетін ауру бұғының миына әсер ететін аурудың бір түрі екенін жазған.
Аталған вирус жануарлы әлсіреп құлағанша қозғалуға мәжбүр етеді. Жануар сыртқы қоғалысқа мән бермейді және адамдардан қорықпайды.
Адамға жұғуы мүмкін болжамнның бірі ауру жануарларды тамақ ретінде тұтыну. Кейбір мәліметтер бойынша, америкалық аңшылар 2017 жылы 7-15 мың ауру бұғыны атып жеген, содан бері бұл көрсеткіш жыл сайын 20 пайызға өскен.
Күзден бері мамандар марал етін жеуге болмайды деп кеңес берді.