Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:14

Ғалымдар Нипах вирусына қарсы вакцина әзірледі

Нипах вирусы
Фото: EPA

Бельгияда Токио университетінің ғалымдары әзірлеген Нипах вирусына қарсы вакцинаның алғашқы клиникалық сынақтары басталмақ.

 Бұл сынақтар адамдардың қатысуымен өтеді, деп хабарлайды Nikkei басылымы.

Мәліметке сәйкес, вакцина приматтарға жүргізілген сынақтарда жүз пайыздық тиімділік көрсеткен.

Зерттеушілер алдағы уақытта Бангладеште ересектер мен балаларды қамтитын кең ауқымды клиникалық зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Үндістанның Калькутта қаласына жақын аймақтарда өлімге әкелуі мүмкін Нипах вирусының таралуы тіркелгені хабарланған болатын.

Нипах вирусы жануарлардан, сондай-ақ вирус жұққан тағам арқылы немесе адамнан адамға жұғуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Нипах вирусын жұқтырғандар арасындағы өлім-жітім деңгейі 40 пайыздан 75 пайызға дейін жетуі мүмкін. Бұл көрсеткіш эпидемиологиялық бақылау сапасына және жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.

Тегтер: