Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:19, 25 Тамыз 2021

Ғалым-математик Ораз Сатыбалдиев қайтыс болды

None
None

Әлемді бір қауызға сыйдырып қойған қатерлі дерт қазақтың талантты ұлын ортамыздан алып кетті.

Бүгін таңертең ғалым, математик, академик Ораз Сатыбалдиев қайтыс болды. 

  Өмірінің соңғы жылдарында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми -техникалық университетінде математика кафедрасының меңгерушісі қызметінде болған Ораз Сатыбалдыұлын жақсы білетіндер оның өнерге, әдебиетке жақын болғанын айтады.  Басқаша  айтқанда дәлдікке басымдық беріп, өнер, поэззия және математика арасыннан үндестік іздеді. Қойын дәптерінде қалған жыр-шумақтарының бас-аяғы да жұп-жұмыр болып дәлдікке сүйеніп, дөңгеленіп тұратын.

Абай, Мұқағали жырларын жатқа айтатын, домбырамен аспандатып ән салғанда өзін өнер ауылында жүрген кейбір азаматтарды жолда қалдыратын Ораз өнерді емес, ең күрделі сала математиканы таңда да өзінің қолтаңбасын қалдырды.   Физика -математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері. Ол 135-тен астам оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде екі монография, оннан астам оқулықтар мен педагогикалық, экономикалық және техникалық мамандық студенттеріне арналған жиырма бестен астам әдістемелік құралдар жазып шықты.

Ол бірнеше рет республикалық, одақтық және халықаралық конференцияларда сызықты өздігінен байланыспайтын дифференциалды операторлардың спектрлік теориясы мен жоғары оқу орындарында жоғары математика курсын оқыту мәселелері бойынша баяндама жасады.

Ораз Сатыбалдиев ұйымдастырушылық жұмыспен табысты ұштастырды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және сертификаттау комитетінің психология және педагогика бойынша сараптамалық кеңесінің мүшесі болды...

Тегтер: