Ғалымдар Сібірде 46 мың жыл бойы қатып жатқан жәндікті қайта тірілтті

Халықаралық ғалымдар тобы Сібірдің мәңгі мұзында 46 мың жыл бойы жатқан көне нематод құртын тірілтті.
Бұл туралы PLOS Genetics журналында жарияланған зерттеуде айтылған, деп жазады Naked Science басылымы.
Бірнеше жыл бұрын Колыма өзенінің төменгі ағысында 40 метр тереңдіктегі гофер шұңқырынан дөңгелек құрт табылған. Алғашында ғалымдар бұл құрт 32 000 жыл бойы мәңгілік мұзда жатыр деп ойлады. Дегенмен, нематодтың жанындағы өсімдіктердің жаңа талдауы алғашқы мұз қату кезеңі шамамен 47 769-45 839 жыл бұрын болғанын көрсетті.
Ғалымдар құртты су және органикалық заттармен тірілтті. Құрт бір айдан аз өмір сүрді, бірақ ұрпақ қалдыра алды және бұл құрттар қос жынысты, партеногенетикалық жолмен көбейе алатыны анықталды. Сондықтан олардың өкілдерінің біреуі ғана тірі қалса да, олар өз популяциясын қалпына келтіре алады.
«Бұл кішкентай құрт Гиннестің рекордтар кітабына кіруі мүмкін. Себебі ол біз ойлағаннана да көп мұзда қатып, ұзақ өмір сүрді», — деді зерттеу жетекшісі Теймураз Куртчалия.