Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:41, 29 Қыркүйек 2025

 Ғани Бейсембаев қызметінен босатылды

Ғани Бейсембаев

Президент Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты. Бейсембаев лауазымды қызметте екі жыл отырды. Оқу-ағарту минисрі болып  Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды.

Ғани Бейсембаев 2022 жылдың соңында ағарту министрі болып тағайындалған еді. Оның қызметі барысында бірқатар даулы мәселелер де көтерілді. Әсіресе мектеп формасына қатысты талаптар, оқу бағдарламаларындағы жиі өзгерістер, мұғалімдердің артық есеп-қисапқа жүктелуі қоғамда қызу пікірталас туғызды.

Білім саласын зерттеушілердің айтуынша, министрліктің жұмысы қоғаммен байланыста жеткілікті ашық бола алмады. «Жаңа Қазақстан» жағдайында білім реформаларына деген сұраныс жоғары, алайда қабылданған шешімдер көбіне сынға ілігіп отырды.

Кадрлық өзгерістер тек Бейсембаевпен шектелмеді.

  • Бұрынғы вице-премьер және сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Оның орнына СІМ-ді вице-премьер Ермек Көшербаев басқарды.

  • Президент көмекшісі қызметінен Тамара Дүйсенова, Қанат Шарлапаев және Ержан Қазыхан босатылды. Ержан Қазыхан Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және өзге халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды. Бұл қызметте ол Ерлан Әлімбаевты алмастырды.

  • Ернар Баспаев пен Зүлфия Сүлейменова Президент кеңесшісі қызметтерінен босатылды.

  • Бақытжан Сапиев Президент кеңесшісі болды. Сонымен қатар Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып Әлихан Жамсатов тағайындалды.

  • Нью-Йоркке сапардан кейін Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаевты қызметінен босатты. Ол бұл лауазымда төрт жылдан астам уақыт еңбек етті.