Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:13

Ғарышта 3D басып шығару технологиясымен айналысатын бір топ астронавт Қазақстанға қонды

1
Al Jazeera

АҚШ-тың белсенді қызметтегі ең егде астронавты Дональд Петтит 70 жасқа толған күнін ерекше түрде атап өтті — ол Жерге Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) оралды. Бұл туралы SkyNews хабарлайды.

"Союз МС-26" ғарыш кемесі жексенбі күні Қазақстан аумағына сәтті қонды. Экипаж құрамында америкалық астронавт Дональд Петтит және ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Иван Вагнер болған. "Роскосмос" агенттігі хабарлағандай, жерге қайту мен қону штаттық тәртіпте өтті.

Петтит 70 жаста бола тұра, АҚШ-тағы қызметін жалғастырып жүрген ең егде астронавт саналады. Оның ғарыштағы бұл сапары — төртінші рет ұшуы.

Ғарыштық миссия 2024 жылдың 11 қыркүйегінде басталып, барлығы 220 күнге созылды. Осы уақыт ішінде экипаж Жерді 3520 рет айналып шыққан.

Ғарышта қандай зерттеулер жүргізілді?

NASA мәліметіне сәйкес, Дональд Петтит ғарыштағы металлдардың 3D-баспа технологиясын жетілдіру, суды зарарсыздандыру жүйесін жақсарту, өсімдіктердің түрлі суару режимдеріндегі өсу процесін зерттеу және микрогравитация жағдайындағы оттың мінез-құлқын бақылау сияқты маңызды ғылыми жобалармен айналысты.

Бұл сапар — Петтит пен Овчинин үшін төртінші, ал Вагнер үшін екінші рет ғарышқа ұшу болды.

Ғалымдар үшін бұл миссия тек ғылыми жетістіктермен ғана емес, адам ерік-жігерінің және жастың мүмкіндікті шектемейтінін көрсететін тағылымды оқиға ретінде де есте қалды.

Тегтер: