Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:48, 21 Желтоқсан 2020

Газ баллоны жарылып 8 адам зардап шекті

None
None

Көкшетауда газ баллоны жарылып, салдарынан 8 адам зардап шекті. Оның алтауы — бала.

Бұл туралы  ТЖМ ресми өкілі айтты. 

«20 желтоқсандағы кешкі сағат 21.14-те Васильковский шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылды. Өрт шыққан жоқ. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілер мен куәгерлер 6 бала мен 2 ересек адамды құтқарды», — дейді ресми өкіл.

Оның айтуынша, жарылыс бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша пәтерде екі отбасы тұрған. Пәтер иесі көшеден 4 литрлік газ баллонын алып келген. Алайда көпқабатты үй орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Иесі неге газ баллонын пәтерге кіргізгені анықталып жатыр.

«Зардап шеккен балалар шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, 2 ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында ТЖД-ның 21 қызметкері, 7 техника, 9 полиция қызметкері және 3 жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді», — дейді ТЖМ ресми өкілі. 

Тегтер: