Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:10, 16 Қазан 2023

Газа секторында қанша қазақстандық бар – СІМ жауап берді

ГАЗА
Фото: из открытых источников

Сыртқы істер министрлігі Газа секторында қазір қанша қазақстандық бар екенін айтты. 

Сыртқы істер министрлігі Газа секторында қазір қанша қазақстандық бар екенін айтты. 

Министрліктің өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанның Мысырдағы және Иорданиядағы елшіліктері аймақта орналасқан азаматтармен байланыста.

"Газа секторындағы жағдай өте күрделі күйінде қалып отыр. Біздің дипломаттар Газа секторынан отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелерінің Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы Мысырға кетуі мүмкін екендігі туралы жергілікті билікпен күн сайын келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда онда Қазақстан Республикасының азаматтары құжаттарымен 67 отандасымыз бар. Ал отбасы мүшелерімен бірге 100-ден астам адам. Кейбір отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелері – шетел азаматтары және құжаттары жоқ. Осы және басқа да ұйымдастырушылық мәселелерін қазақстандық дипломаттар зерттеп жатыр", - деді Смадияров.

СІМ ресми өкілінің мәлімдеуінше, олармен Қазақстанның 67 азаматы хабарласып, қолдарында құжаттары бар екенін мәлімдеген.

"Интернеттің тұрақсыздығынан және байланыстың нашар болуынан кейбір құжаттарды аламыз, тексереміз. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен төлқұжаттар бар. Бірақ бұл оның Қазақстан азаматы екендігін білдірмейді, азаматтығын жоғалтуы да мүмкін. Сондықтан барлық деректер базалар арқылы тексеріледі. Кейбір балаларда тек туу туралы куәлігі ғана бар. Ал кейбір балалардың құжаттары мүлде жоқ – үйлері бомбаланып, өздері шұғыл үйін тастап кетуге мәжбүр болған", - деді ол.

 

Тегтер: