Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:11, 31 Қазан 2023

Газа секторында үш аптада үш мыңға жуық бала қаза тапты

газа
Фото: из открытых источников

Аймақта қаза тапқандардың 70%-ға жуығы - әйелдер мен балалар

Газа секторында қаза тапқандардың шамамен 70%-ын әйелдер мен балалар құрайды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Бұл туралы БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек пен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі агенттігінің (UNRWA) бас комиссары Филипп Лазарини мәлімдеді.

«Газа секторында қаза тапқандардың 70%-ға жуығы - әйелдер мен балалар. Үш апта ішінде анклавта 3,2 мыңға жуық бала қаза тапты. Мұның бәрі кездейсоқ өлім болуы мүмкін емес», - деп келтіреді ТАСС агенттігі Лазаринидің сөзін.

Комиссардың айтуынша, адамдардың басым көпшілігі жазықсыз қаза тауып жатыр.

«Газа секторында зымыран снарядтары бейбіт тұрғындар паналап жатқан шіркеулерге, мешіттер мен ауруханаларға, UNRWA нысандарын түсіп жатыр. Бейбіт тұрғындар аяусыз қырылып жатыр, қауіпсіз баспана іздеген тым көп адам жазықсыз қаза тапты. Газаны бүгінде ұжымдық жазаға ұшырап отыр», - деді Лазарини.

БҰҰ баспасөз хатшысы Газа тұрғындарының «өздеріне еш қатысы жоқ соғыс құрсауында қалғанын, бүкіл әлем оларды ХАМАС-пен теңестіріп жатқанын сезінетінін айтты».