Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:42

Газада екі жылдан кейін алғаш рет университетте дәстүрлі сабақтар қайта басталды

Газа
Фото: ашық дереккөз

Газадағы Ислам университеті Израильдің геноциді мен білім беру инфрақұрылымының қирауы салдарынан екі жыл жабық болды. Енді олар аудиторияларын қайта ашты.

Қазір студенттер әуе соққысынан жартылай қалпына келтірілген ғимараттарда білім алып жатыр.

Жергілікті биліктің дерегінше, Израиль 165 оқу орнын толық жойып, тағы 392 нысанға зақым келтірген, бұл сектордағы білім жүйесін іс жүзінде тоқырауға ұшыратты.

Еске салайық,  ХАМАС 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жаппай шабуыл жасаған болатын. Сол кезде қозғалыс Израильге жүздеген ракета атқан, ел аумағына кіріп, шамамен 1200 адамды өлтірген, 250-ге жуық адамды тұтқынға алып, Газада ұстаған.

Кейіннен кепілдегілердің бір бөлігі айырбасталып немесе босатылды, тағы бір бөлігі қаза тапқаны хабарланған.

ХАМАС шабуылынан кейін Израиль ұйымға ресми түрде соғыс жариялады. ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше:

  • Газадағы операциялар мен бомбалау барысында 67 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан,

  • 169 мыңнан көбі жараланған.

Аймақтағы жағдай күн сайын шиеленісіп, гуманитарлық дағдарыс тереңдеп барады.

Тегтер: