Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:54, 13 Қазан 2023

Газада Израиль әуе күштерінің шабуылынан бір отбасынан 7 бала қаза тапты

Палестина
Фото: AP

Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылында 9 палестиналық, оның ішінде бір отбасынан шыққан 7 бала қаза тапты.

Медициналық ақпарат көздері мен куәгерлерден алынған мәліметтерге қарағанда, Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнусқа Израильдің әуе шабуылы нәтижесінде палестиналық әл-Бехети отбасы тұратын үй зардап шекті.

Шабуыл салдарынан 9 адам, оның ішінде бір отбасының анасы, әкесі және 7 баласы қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Әуе шабуылынан кейін әл-Бехети отбасы тұрған үй толығымен қирап, жақын маңдағы ғимараттар да зардап шекті.

Израиль күштері бұл шабуылды алдын ала ескертусіз немесе ақпаратсыз жасаған.

Айта кетейік, 7 қазан күні таңертең ХАМАС-тың әскери қанатының бригадалары Израильге қарсы «Әл-Ақса тасқыны» операциясының басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран ұшырылды, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Бұған жауап ретінде Израиль әскерилері Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы ондаған жойғыш ұшақтарды қолданып, «Темір қылыш» операциясын бастағанын хабарлады. Олар ХАМАС-пен келісімге келмейтінін, соңына дейін соғысатынын мәлімдеді.