Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:10

Газадағы бейбітшілік кеңесіне мүше болу үшін 1 млрд доллар төлеу қажет

Газа
Фото: Reuters

Газа секторындағы Бейбітшілік кеңесіне үш жылдан артық мерзімге мүше болғысы келетін елдерге 1 миллиард доллар көлемінде жарна төлеу міндеттелген.

 Бұл  – АҚШ президенті әкімшілігінің талабы.

Әдетте әр мүше ел кеңес құрамында үш жыл бойы қызмет атқарады. Алайда алғашқы жылы 1 миллиард доллар жарна төлеген мемлекеттерге мерзім шектеуі қолданылмайды.

Газадағы Бейбітшілік кеңесіне АҚШ президенті төрағалық етеді және ұйымға қандай мемлекеттердің мүше болатынын өзі шешеді.

Айта кету керек, Бейбітшілік кеңесі Трамптың Газа секторы бойынша ұсынған бітім жоспарының жүзеге асуына жауапты болады.