Бүгін, 10:54
Газадағы қақтығыстар кезінде аймақтың ең көне сәулет ескерткіштерінің бірі толығымен жойылды

Әуеден жасалған соққыдан кейін тарихы шамамен 800 жылға жуық Әл-Айбаки мешіті (Осман бин Қашқар мешіті) тас-талқан болды.
Шамамен 1220 жылы салынған бұл қасиетті нысан Газа қаласының ескі ауданында орналасқан және маңызды археологиялық мұра болып саналған.
Бұған дейін Израиль Қорғаныс армиясының баспасөз хатшысы Эфи Дефрин Газаны толық басып алу бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтқан еді. Оның сөзінше, әскери операцияға уақыт шектеуі қойылмаған, армия барлық мақсаттарға жеткенге дейін әрекеттерін жалғастырады. Қаланы және негізгі нысандарды бақылауға алу үшін бірнеше ай қажет болса, инфрақұрылымды толық жоюға қосымша уақыт керек.
Сонымен бірге, БҰҰ-ның Палестинадағы оқиғаларды тергеу комиссиясы Израильдің әрекеттерін геноцид деп таныды.