15:17, 29 Қараша 2023
Газбен жүретін көлік иелеріне жаңа айыппұл түрі енгізілмек
Газбен жүретін көліктер талапқа бағынбаса айыппұл салынады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қоймаса, жүргізушілерге айыппұл салынады. Cауда министрлігінің мәлімдеуінше, айыппұл мөлшері – 11 мың 76 теңге немесе 3 АЕК (2024 жылы 1 АЕК – 3 692 теңге).
Елімізде газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға тиіс. Өзгеріс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енеді.