Газеттер тендерсіз күн көре ала ма?

Түркістанда қазақ баспасөзініңбүгіні мен келешегін талқылаған медиафорум өтті
Егер қазақ газеттерінетендер берілмесе, жағдайы қиындауы мүмкін.
Ал баспасөздің құлдырауы қазақруханиятының құлдырауына алып барады. Өткен жұмада Түркістанда өткен медиафорумғақатысқан бірқатар журналистер осы мәселе төңірегінде пікір білдірді.
— Шерхан Мұртаза атамыз: «мемлекеттіңқос қанаты бар. Біреуі экономика, біреуі руханият деген. Біреуін тартсаң, қыранқұс ұша алмай қалады», деп. Бұқаралықақпарат құралдары руханиятқа қызмет етеді. Егер басылымдарға тендер берілмегенжағдайда руханиятымыз құлдырайды, — деді Жамбыл облыстық «Ақжол» газетініңдиректоры-бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрікуниверситетінде «Turkistan open media forum: Жаңа және дәстүрлі медиа:ынтымақтастықтың заманауи модельдері» атты тақырыпта өткен форум ҚазақстанЖурналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, облыстыққоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткен форум еліміздің бас басылымы«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналды.
Өңірлік журналистиканы дамыту, ондағы мәселелерді шешужолдарын қарастыруға арналған форумға Түркістан облысымен көршілес жатқанҚызылорда, Жамбыл облыстарынан, Шымкент, Алматы қалаларынан жанына қаламдысерік еткен жазушы, журналистер қауымы келді. Атап айтсақ, Журналистер Одағыныңтөрағасы Сейітқазы Матаев, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,жазушы-журналист Мархабат Байғұт, Жазушылар Одағының Шымкент қалалықфилиалының төрағасы Шойбек Орынбай, «Жас алаш» газеті бас редакторыныңорынбасары Оралхан Дәуіт, медиатренер Жұлдыз Әбділдә, Жамбыл облысыәкімінің кеңесшісі Біржан Сөктай, Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстықфилиалының төрағасы, облыстық «Арай» газетінің бас редакторы ДәулетТөленді, «Сыр-Медиа» ЖШС директорының орынбасары Дәурен Омаров және журналистикасаласында жүрген бірқатар азаматтар қатысты.
— Бүгінгі форумның атауын «Turkistanopen media forum» яғни, «ашық медиа» деп бекер қойып отырғанымыз жоқ.Түркістан – дүйім қазақтың рухани астанасы, түбі бір түркі дүниенің тал бесігі.Демек, қазақтың рухани жаңғыруы, рухани оянуы да осы қаладан басталу тиіс,-деді форумды ашқан Журналистер Одағы Түркістан облыстықфилиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай.
-Кез-келген адам журналист бола алмайды.Журналист болу үшін адамда жүрек және нақты өмірлік позициясы болу керек. Сондағана одан жақсы журналистшығады. Журналистке xалық сенеді.Сондықтан да журналист елге жақын болу керек, — деген ҚазақстанЖурналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев журналисттің бизнесіболуы керектігін, ол сонда ешкімге алақан жаймай өз күнін өзі көреалатынын, ал ешкімге тәуелді емесжурналистің шындықты айтудан қорықпайтынын жеткізді. Жиында С.Матаев одақтыңмүшелігіне қабылданған бірқатар журналистерге куәлік табыс етті.
Форум барысында танымалжурналист, «Заң медиа» ЖШС Бас директоры Досымбек Қонысбекұлы «Жаңа жәнедәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың жаңа модельдері» тақырыбында пленарлық сессиясынөткізді. Ал, белгілі медиатренер Жұлдыз Әбділдә өткізген «Фейк жаңалықтариндустриясы: зардабымен күресу жолдары» тақырыбындағы сессияда БАҚ беттеріндеоқтын-оқтын жарияланып тұратын жалған жаңалықтарды қалай тиюға болатыны жөніндеой қозғалды
Форум аясында Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл,Қызылорда, Түркістан облыстық, Шымкент қалалық филиалдары және «Медиакратия»қоғамдық бірлестігі арасында бірлескен меморандумға қол қойылды.
Форумнан соң Жұлдыз Әбділдә мен Досымбек ҚонысбекұлыXҚТУ студенттері мен журналистерге білікті арттыру мақсатында семинар өткізіп,сертификат табыстады.