Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:29, 24 Ақпан 2023

Гендерлік саясатта біліктілік сыналады

None
None

Қазақстанда гендерлік саясатты ілгерілетуде оң бастамалар іске асуда. Елімізде әйелдердің кемсітушілігін жою жөніндегі Бейжің тұғырнамасы қолдауға ие болды.

Бұдан бөлек, әйелдердің құқығын жан-жақты қорғауға байланысты бірнеше халықаралық актілер ратификацияланды. Елімізде 2009 жылы ерлер мен әйелдердің теңдігін мемлекеттік деңгейде кепілдендіретін  «Еркектер мен әйелдердің тең құқығы мен тең мүмкіндігінің кепілігі туралы» ҚР-ның заңы қабылданды. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметте әйелдердің белсенділігі байқалады. Сарапшылардың мәлімдеуінше, 2022 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,7 пайызға жеткен.  Салыстырмалы түрде алып қарасақ, республикада мемлекеттік қызметкерлердің қарасы 82, 7 мыңды құраса, олардың 46 мыңы әйелдер көрінеді. Қыз-келіншектердің 9 мыңы басшылық лауазымда отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев меритократия – ерлер мен әйелдерге ортақ қағидат екенін ескертті. Тәуелсіз Қазақстанда осы қағидаға негізделген мансаптық модел бір ізге түскен. Адал еңбекті әділетті бағалау қағидасы аясында мансаптық өсуге қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, мемлекеттік қызмет агенттігі азаматшаларды мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде айқын әрі ашық қағидаларды ұстанады. Бейнелеп айтқанда,  үміткердің кәсіби біліктілігі мен мәдениетіне айрықша назар аударылады. Былтыр бос лауазымға жарияланған байқау нәтижесі кезінде әйелдердің 44 пайызы жеңіске жеткен. Ал басшылық қызметке тағайындалғандардың  26, 7 пайызы әйелдер болған. Елімізде гендерлік теңдікті қалыптастыру үшін ағартушылық жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы гендерлік біліктілікті арттыру  семинарларын тұрақты өткізіп тұрады. Оқу үрдісі гендерлік саясаттағы әйелдердің кәсіби құзыреттігін ұштауға бағытталған. Онда көшбасшы әйелдер жиі килігетін проблемалар талқыланады. Сонымен қатар оларға  жетекші азаматшалардың мансаптық өрлеу жолына қажетті ұсыныс-пікірілер талқыланады.

Қазіргі жаhандану мен цифрлық технологиялар дәуірінде гендерлік саясат –қоғам дамуының ажырамас тетігіне айналғаны анық. Басқару мен бизнестің  стратегиялық дүмпуіне ілесе алатын қазақстандық қыз-келіншектер де  гендерлік сауаттылықтың маңызы айрықша екенін сезіну үстінде.

Тегтер: