Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:39, 21 Тамыз 2022

Гендерлік теңдік қоғамдық кеңдік

None
None

Әйелдердің экономикалық өмірге интеграцияланбауы әлемдік экономиканың өсуін шектейтіні жалпы қабылданған факт.

Мұны ХВҚ және БҰҰ зерттеулері растайды. Соған сәйкес гендерлік теңдік пен әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы арасында тікелей байланыс бар. БҰҰ-ның пікірінше, әйелдер ерлермен тең құқықтар мен мүмкіндіктерге қол жеткізе алмаған қоғам ешқашан тұрақты дамуға қол жеткізе алмайды.

Қазақстанда әйелдерді кәсіпкерлік қызметке тарту деңгейі жоғары. Әйелдер басқаратын ШОБ кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны 1,1 млн адамға жетті немесе Қазақстандағы ШОБ субъектілерінің жұмыс істейтіндер санының 31,1%-ын құрады. Жалпы әйелдер арасындағы экономикалық белсенділік деңгейі 63,7%, жұмыс күші құрылымында – 48,5%, жұмыспен қамтылған халықтың үлесінде – 48,1%. Сонымен қатар Қазақстандағы қаржылық және сақтандыру қызметі әйелдерді жұмыспен қамтудың жоғары болуымен сипатталады – олардың үлесі 57% құрайды.

«Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету Қазақстанның стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында еліміз гендерлік теңсіздікпен күресу үшін бірқатар түбегейлі шараларды қабылдады. Дегенмен бұл мәселе Қазақстан үшін әлі де өзекті, сондықтан мемлекеттің бұл бағыттағы жұмысы жалғасуда», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасына сәйкес, негізгі салалардағы ресурстар мен мүмкіндіктерге қол жеткізудегі гендерлік айырмашылықтарды өлшейтін жаһандық гендерлік алшақтық рейтингінде Қазақстан 156 елдің ішінде 80-орында тұр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның табысты жұмыс істеп жатқанын, өңірлерде тиісті консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Саяси партиялардың сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота енгізілген. Өңірлердің көпшілігінде Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары ашылды, олардың қатарын арттыру, кәсіпқой әйелдерді оқыту, кооперациялау және қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттыру жоспарлануда. Әйелдердің өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін әйелдерге тыйым салынған кәсіптердің тізімі алынып тасталды.

Сонымен қатар Қазақстан 17 мақсаттың 12-сі гендерлік-сезімтал болып табылатын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға міндеттеме алды.

Мақсаттардың бірі – «Барлық әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі және мүмкіндіктерін кеңейту». Ол гендерлік кемсітушіліктің барлық нысандарын жоюға және қыздар мен әйелдерге тең мүмкіндіктер мен қарауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Осылайша, гендерлік алшақтық индексінің төмендеуі және 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда Жаһандық гендерлік алшақтық индексінің (Global Gender Gap Index) халықаралық рейтингінде бірден 15 позицияға көтеру гендерлік саясат саласындағы елеулі жетістік болып табылады.

Айта кетерлігі, көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға қатысты кейбір өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, 2020 жылға дейін 7 және одан да көп баласы бар отбасыларға бала санына қарамастан, бірдей әлеуметтік төлем төленді. Бүгінгі таңда 8 баладан асқан отбасыларға төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі отбасыларға берілетін жәрдемақы шеңберінде әрбір кейінгі балаға 4 АЕК төленеді.

Бала туудың жалпы коэффициентінің жыл сайынғы өсуін (бала туатын жастағы 1 әйелге шаққандағы бала саны) ескерсек, бұл жаңашылдық өте дер кезінде енгізіліп отыр.

Отбасыларды біріктіру және олардың оқуын ұйымдастыру үшін өңірлерде тәрбиелік, психологиялық, бос уақытты ұйымдастыру қызметтері көрсетілетін отбасылық аула клубтары мен отбасылық қарым-қатынас клубтары жұмыс істейді, балалар мен жасөспірімдер үйірмесі жұмыс істейді.

Тегтер: