12:00, 20 Сәуір 2023
Генерал Серік Күдебаевқа қатысты жаңа мәлімет айтылды
ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қашқын полиция генералы Серік Күдебаевқа қатысты істің жаңа мәліметтерін айтты.
ҰҚК Шекара қызметі Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге болатын жерді іздеп жатыр. Алдажұманов Сенат кулуарында оған көмектескендер болуы мүмкін екенін айтты.
«Мүмкін болжам бар, ол тауға кетті делік. Жұмыс жалғасып жатыр. Түсінесіздер ғой ол жерде тау жотасы 672 шақырым ғана. Оның өзі шыққан жерде, тауда, елді мекенде шаруашылығы бар. Негізінде, өткізуге көмектескендер де болуы мүмкін. Біз таулар арқылы шығу нұсқасын қарастырып жатырмыз», — деп түсіндірді Алдажұманов.
Ол Бас прокуратура қылмыстық іс қозғағанын еске салды.