Герасимов "Орешник" ұшырылғаннан соң АҚШ-қа телефон соққан – БАҚ
27 қарашада Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов АҚШ Қарулы күштері Біріккен штабының төрағасы Чарльз Браунға телефон соққан.
Бұл туралы Reuters және The New York Times агенттігі хабарлады.
Екеуі Ресейдің «Орешник» орта қашықтықтағы баллистикалық зымыраны Днепрге шабуыл жасағаннан кейін небәрі алты күн өткен соң сөйлескен.
"Герасимов пен Браун «бірқатар жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін, соның ішінде Украинадағы жалғасып жатқан қақтығысты талқылады", - деді америкалық генерал Джерил Дорсидің баспасөз хатшысы.
Браун Герасимовпен алғаш рет сөйлесті
"Генерал Герасимовтың өтініші бойынша генерал Браун қоңырауды жария етпеуге келісті", - деді Дорси.
Герасимов неліктен сұхбатты жарияламауды сұрағаны белгісіз.
Шенеуніктердің айтуынша, әңгіме барысында Герасимов америкалық тарапқа "Орешникті" ұшыру Джо Байден әкімшілігі Ресей аумағына соққы беру үшін Украинада ATACMS баллистикалық-тактикалық зымырандарын қолдануға келіскенге дейін жоспарланғанын айтты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Браун ресейлік әскери шенеунікпен алғаш рет осындай форматта сөйлескен.
Путин: Ресей "Орешник" зымыранын сынауды жалғастырады
Ресей президенті Владимир Путин ресейлік жаңа «Орешник» зымыранының сынақтарын «сәтті» деп атады.
"Ресей үшін жасалған қауіпсіздік қатерлерінің сипатына қарай біз бұл сынақтарды, соның ішінде ұрыс жағдайында да жалғастырамыз", - деді ол 22 қарашада Ресей Қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының басшылығымен кездесуде.
Сонымен қатар, Путин "Орешник" зымыранының Ресей Қарулы Күштеріне пайдалануға қабылданғанын және оның сериялық өндірісі басталғанын хабарлады.
РСЗК командирі: «Орешник» зымыраны Еуропаның барлық жеріндегі нысаналарды дәл тигізе алады
Өз кезегінде, Ресей стратегиялық зымыран күштерінің қолбасшысы Сергей Каракаев Путинмен кездесуінде "Орешниктің" Еуропадағы нысандарға дәл тиетінін, бұл оны "алыс қашыққа ұшатын дәлдіктегі қарудың басқа түрлерінен ерекшелендіретінін" айтты.