09:17, 11 Қазан 2024
Германия Израильге қару-жарақ жеткізуді жалғастырады - Шольц
Германия канцлері Олаф Шольц Германияның Израильге қару-жарақ жеткізуді жалғастыратынын айтты.
Шольц осылайша кейбір оппозициялық партия өкілдерінің мәлімдемелеріне жауап берді.
Бұған дейін ХДО көшбасшысы Фридрих Мерц "бірнеше апта мен ай бойы үкімет, мысалы, Израильге оқ-дәрі мен тіпті танкілерге арналған қосалқы бөлшектерді экспорттауға рұқсат беруден бас тартты" деп мәлімдеген болатын.
Өткен жылы экспорт көлемі 326,5 миллион еуроны құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда он есе көп.
Ал, Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдау халықаралық гуманитарлық құқыққа қайшы келмейтінін атап өтті.