Германия мен АҚШ Украинаға Patriot жүйелерін жеткізу мәселесін талқылады

Вашингтонда Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус пен АҚШ-тың қорғаныс министрі Пит Хегсет Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселелерін талқылады.
Тараптар, әсіресе, Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне қатысты сұрақтарды «жылдам әрі үнсіз» шешуге келіскен.
Германия 3,5% ЖІӨ-ін қорғанысқа жұмсамақ
Германия Еуропаны қорғау бойынша үлкен жауапкершілік алуға дайын екенін жеткізді. Министрдің айтуынша, Берлин 2029 жылға дейін қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 3,5%-на дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Трамп: Украинаға Patriot жүйелері жеткізіледі
НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамп та бұл мәселе жөнінде пікір білдірді. Ол алдағы бірнеше күн ішінде Украинаға Patriot жүйелері жіберілетінін айтты.
"Бұл жүйелер қажет болмайтын елден жеткізіледі. Біз оларды ауыстыру мен қайта бөлу бойынша бірнеше елмен келісім жасаймыз", – деді Трамп.
Мерц: Бұл – Еуропа мүддесіне сай шешім
Германия канцлері Фридрих Мерц Трамптың бұл бастамасын оң бағалады. Оның айтуынша, егер еуропалық мемлекеттер бұл көмекті қаржыландырса, АҚШ Украинаға үлкен көлемде қару-жарақ беруге дайын.
«Біз мұны өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін жасаймыз. Бұл Украинаға ресейлік шабуылдардан қорғануға көмектеседі және Мәскеуге бейбіт келіссөздерге келуге қысым жасайды», – деді Мерц.