Германия мен Франция Трамптың Данияға қатысты сөздерін қолдамайды
Дания премьер-министрі Метте Фредериксен Еуроодақтың үш астанасында Трамптың Гренландияға деген талаптары аясында Еуропа бірлігін талқылады.
Дания премьер-министрі Метте Фредериксен Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың Дания корольдігінің бір бөлігі болып табылатын Гренландияны бақылауға алу туралы қайта-қайта қоқан-лоққыларына байланысты Еуропаның бірлігін талқылады. Бірлескен баспасөз мәлімдемесінде Фредериксен «еуропалық бірлік пен тығыз ынтымақтастықты» бұрынғыдан да өзекті ететінін туралы айтты, деп хабарлайды Франс Пресс.
Өз кезегінде Олаф Шольц «шекараларды күшпен жылжытуға болмайды» деп баса айтты және «оларды кім қуғанына қарамастан» экспансионистік ұмтылысты айыптады.
Шольцпен кездесуден кейін Дания премьер-министрі Париж мен Брюссельде болып, Франция президенті Эммануэль Макронмен және НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесті. "Сіз мемлекеттердің аумақтары мен егемендігін құрметтеуіңіз керек. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері біз бірге құрған халықаралық қауымдастықтың іргелі элементі", - деді Фредериксен Макронмен кездесуінен кейін.