Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:20, 25 Шілде 2025

Германия ресейлік және беларусьтік азаматтарға гуманитарлық виза беруді тоқтатты

Германия
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Германия Ішкі істер министрлігінің сайтында гуманитарлық визалар бойынша өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылғаны туралы баннер пайда болды.

Осыған байланысты бірқатар ресейлік және орыс тілді БАҚ бұл хабарламаны ресми шешім ретінде жария етті. Алайда құқық қорғаушылар бұл ақпаратты асыра сілтеуге болмайтынын ескертеді.

«Бұл кеше басталған үдеріс емес», – дейді азаматтық NxT ұйымының үйлестірушісі Екатерина (тегі жария етілмеген). Оның айтуынша, сайттағы баннер – министрліктің ресми мәлімдемесі емес, техникалық сипаттағы ақпарат қана. Дегенмен, дәл қазір көптеген ақпарат көздері үшін бұл жалғыз дереккөзге айналған.

СІМ тек гуманитарлық визаларға қатысты заң баптарын атап өтумен шектелген.

Екатеринаның айтуынша, 2025 жылдың мамыр айының соңында Германия ІІМ-нің ішкі нұсқауының күші жойылған, бұл нұсқаулық гуманитарлық визаларды қарау тәртібін реттейтін. Содан кейін өтініштерді қарау іс жүзінде тоқтап қалған. Қазір ведомстволарда жүздеген өтініш қараусыз тұр, олардың авторлары – Ресейден көшіп келуді көздегендер.

«Бұл үдеріс Ресейде жүрген азаматтарға ғана қатысты. Ал Германияда жүргендерге бұл өзгерістер әсер етпейді», - дейді Екатерина. Оның сөзінше, гуманитарлық виза арқылы көшу қолайлырақ болған, себебі шешім өтініш беруші Германияға келмей тұрып қабылданатын. Ал стандартты саяси баспана рәсімі тек елге келген соң басталады.

Германия СІМ мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың мамырынан бері Ресей азаматтарына шамамен 2600 гуманитарлық виза берілген.

Соңғы тәуліктегі ақпараттық дүрбелеңді Екатерина техникалық ақпараттың ресми шешім ретінде қабылданып, сенсация ретінде таралуымен байланыстырады.

«Жаңалықтың өзі – жоқ. Бар болғаны сайттағы жазбаны біреу жаңалық деп қабылдаған», - дейді ол.

Екатерина жетекшілік ететін NxT жобасы Ресей мен Беларусь азаматтарын, әсіресе саяси белсенділерді, журналистерді, өнер және ғылым өкілдерін қолдайды. Үш жыл ішінде бұл ұйым Германияға шамамен 200 адамды көшуге көмектескен.

Ал «Ковчег» ұйымының өкілі Анастасия Буракова. Оның айтуынша, жаңа өтініштер қабылданбайды дегенге сенімді.

«Қазір қаралып жатқан өтініштермен не болатыны – ең маңызды сұрақ», - дейді ол.

Буракова бұл жағдайды күтілген жайт деп бағалайды. Себебі коалициялық келіссөздер кезінде арнайы көші-қон бағдарламаларын тоқтату және сонымен қатар еңбек визасы мен білім алуға байланысты көші-қонды жеңілдету туралы сөз болған.

Қорытындылай келе, құқық қорғаушылар ең бастысы — сабыр сақтау керектігін айтады. NxT ұйымы Telegram-арнасында гуманитарлық визаларға қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, соңында:

«Осы қиын жағдайда бәрінен сабыр сақтап, дүрбелеңге бой алдырмауын сұраймыз», - деп жазды.

Тегтер: