Бүгін, 18:11
Германияда қайтыс болған судья ісі: күдіктілердің азаматтығы анықталса, іс Ресейге берілуі мүмкін
2024 жылы маусымда экс-судья Айгүл Сайлыбаева із-түссіз жоғалып, 16 маусымда оның денесі қала шетінен табылған болатын. Сараптамаларға сәйкес, әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған.
Қазіргі таңда марқұмның күйеуі Александр Донцов пен енесі Наталья Донцова Мәскеуде тұрып жатыр. Елімізде олардың үстінен азаптау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Ресей де Қазақстан сияқты өз азаматтарын бермейді. Сондықтан олардың азаматтығы анықталғаннан кейін, жазаны жүзеге асыру үшін қылмыстық іс Ресей тарапына беріледі», – деді Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.
Оның сөзінше, екі күдіктінің Ресейден қашу қаупі жоқ, себебі олар халықаралық іздеуде.