"Giorgio Armani" жеңілді: Meta өшірілген жүздеген жазбаны қайта қалпына келтірді
Meta компаниясы бұрын өшірілген қазақстандық журналистер, құқық қорғаушылар және әлеуметтік желі қолданушыларының жүздеген жазбасын қайта қалпына келтірді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Giorgio Armani» атынан жасалған жаппай шағымдардан кейін көптеген жазбалар өшірілген болатын.
Respublika.kz.media редакциясы бұл жағдайға қатысты:
"Таңертең жақсы жаңалық болды: біздің әлеуметтік желідегі парақшалардағы жүздеген жазбаның өшуіне себеп болған жалған "Giorgio Armani"-ді тоқтата алдық. Енді Meta бәрін қайта қалпына келтірді", – деп мәлімдеді.
Exclusive.kz мәліметті тексеріп, шынымен де бірқатар журналистер мен ұйымдардың жазбалары қайта жарияланғанын анықтаған.
Сондай-ақ журналистер Мұрат Адам және Эльмар Хусаинов парақшаларындағы жазбалардың жағдайын тексеру әзірге мүмкін болмаған.
Бұған дейін Facebook пен Instagram желілерінде «Giorgio Armani» атынан жіберілген шағымдардан кейін жүздеген жазба өшірілгені хабарланған.
Алғашында өшірілген жазбалар:
- Қазақстан Конституциясы
- алдағы референдум
- саяси пікірлер мен талдаулар
туралы болған.
Кейіннен шағымдар басқа жазбаларға да тарай бастаған.