Гольфстрим ағысы 2025 жылы тоқтап қалуы мүмкін
Гольфстрим ағысы 2025 жылы жойылып кетуі мүмкін. 12 мың жылдан бері бар бұл жылы ағыстың жоғалуы климаттың апатты өзгерістеріне әкеледі.
Nature Communications журналында жарияланған жаңа зерттеу Атлант мұхитындағы Гольфстрим ағысының жақын болашақта жойылып кетуі мүмкін деп болжады.
Оны Атлант мұхитының меридиандық айналуы (AMМА) деп те атайды. Ол жылуды қайта бөлуге және планетаның климатын қалыптастыруға көмектесетін жаһандық су айналымының бөлігі саналады. Гольфстрим AMМА-ның бір бөлігі және жылы суларды Кариб теңізінен солтүстікке қарай жылжытады.
Ғалымдар ХХ ғасырдың ортасынан бастап Гольфстримнің жылдамдығы бәсеңдеді, оған адамдар кінәлі деп есептейді. Ағыс 2025-2095 жылдар аралығында толық тоқтауы мүмкін. Егер адамдар көміртегі шығарындыларын азайтпаса, бұл құбылыс 2050 жылға қарай болады.
Егер ағын толығымен тоқтайтын болса, тропиктік аймақтардағы адамдар, жануарлар және өсімдіктер тіршілігіне қажет муссондық жаңбырлы маусымдар болмайды. Еуропа мен Солтүстік Америкаға қауіпті қатты қыс келеді. Бұл бүкіл экожүйелердің өмір сүруіне және азық-түлік өндірісіне қауіп төндіреді.
AMМА115 000-12 000 жыл бұрын бірнеше рет тоқтап, қайта аққан. Тоқтау кезеңінде температура ауытқып тұрды, ондаған жылдар бойы ауа райы 10 ° C -дан көтерілмеген. Бірақ бұл мұз дәуірінің деректері, сондықтан қазіргі жағдайларға сәйкес келетін сандарды есептеу қиын.
Ғалымдардың зерттеулері Потсдамдағы (Германия) Климаттың өзгеруін бақылау институты 2021 жылы жариялаған зерттеу нәтижелерімен сәйкес келеді. Бұл ғылыми қоғамдастықтың дабылын оятып, AMМА жүйесінің алдағы онжылдықтарда тоқтап қалу қаупін растайды.