Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:04, 08 Ақпан 2023

Головкин әлем чемпионы атағынан бас тартты - дереккөз

None
None

Боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF нұсқасы бойынша чемпион атағынан бас тартты.

Бұл туралы бразилиялық журналист кіші Уилсон Балдини айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

«GGG IBF атағынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?», — деп жазды Уилсон әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) IBF (Халықаралық бокс федерациясы) бойынша қазақстандықтың атағына үміткер болған. Бұл ретте IBF тарапынан әлі ресми мәлімдеме жасалмаған.

Тегтер: